12.09.2020, 16:23
112
Шымкент қаласында жалпы 2 829 көше бар. Қала аумағы жыл санап ұлғайып, жаңа шағынаудандар пайда болып жатыр. Алайда, бүгінгі күні қаланың кейбір көшелері атаусыз қалып отыр.
Осыған сәйкес, 381 нысанға жаңа атау беру бойынша Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы шықты. Оның ішінде 24 шағынаудан, атауы қайталанатын 52 көше және 305 атауы жоқ көше бар.
Сондай-ақ, қалалық ономастика комиссиясының отырысы өткізіліп, комиссия мүшелері «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әл-Фарабидің есімін беру бойынша ұсынысты бірауыздан қолдаған.
Бірлескен шешім негізінде ұсыныс Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданып, оң қорытындысын алды. Жыл соңына дейін Отырар қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына Әл-Фарабидің есімі берілетін болады.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР