Көгілдір отын жәшіктері кімге керек?

Еңлік АБАҒАН

10.12.2021, 14:30

2084

Талдықорған қаласының шетінде орналасқан «Көктал » шағынауданының тұрғындары қалалық әкімдікке шағым жазудан шаршағалы қашан. Айтуларынша, шенеуніктер 2021 жылы тұрғын жайларын табиғи газға қосамыз деп уәде бергелі қашан. Тіпті барлық тұрғын үйлердің жанынан сары түсті газ өткізетін арнайы жәшіктер де орнатылған. Десе де, соңғы уақытта көгілдір отын жәшіктеріне ұры түсіп, ізім-қайым жоқ болуда.

– Осыдан бірер күн бұрын үйімнің алдындағы сары жәшікті ұрлап кетіпті. Оның кімге қажеті бар? Тек газовиктердің өзіне болмаса, басқа ешкімге қажеті шамалы. Ұрланған дүниені табады дегенге күмәнмен қараймын. Құжат бойынша менің үйімнің алдында жәшік орнатылған. Егер полиция таппаса, не істерімді білмеймін. Ертең газ жіберсе, жәшікті өз қалтамнан орнатуыма тура келе ме? Оған қаражат жеткіліксіз, – дейді шағынаудан тұрғыны Нұрлан Алманбетов.

         Өткен аптаның өзінде «Көктал» шағынауданының тұрғындары қалалық әкімдікке барып, шағымдарын жеткізген еді. Әйткенмен еш шенеунік оларға мардымды жауап бермеген. Бұл туралы тұрғын Алтынай Ембергенова:

– Әкімдікте көгілдір отынды тек 2022 жылы ғана беріледі деді. Тұрғындардың басым көпшілігі газ биыл беріледі деп, қатты отын сатып алуға аса мән бермеген еді. Енді көмірді қайдан алатынымызды да білмейміз. Әзірге қаппен сатып алып, жылытып отырмыз. Өйткені Талдықорғанда көмір сатып алу қиын, – дейді.

Облыста тұрғын үйлерді газдандыру мәселесінде технологиялық бұзушылықтар орын алып жатқаны тағы бар. Бұл туралы сарапшылар, құқық қорғаушылар және пәтер иелері кооперативі басшылары бірнеше рет айтқан болатын. Сондай-ақ 2020 жылдың қысында өңірді газдандыру процесін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатты сынға алған еді.

– Алматы облысында 2025 жылға қарай газдандыру деңгейі 76 пайызға дейін жеткізіліп, көгілдір отынға 1,5 млн адам қол жеткізе алады. Жалпы, облыс бойынша 1,2 млн адам тұратын 156 елді мекен газдандырылып, тұрғындардың газға қолжетімділік деңгейі 59 пайызға жетті. 2014-20 жылдары газдандыруға 148 млрд теңге бағытталды, оның 93 млрд теңгесі – жеке инвестициялар. Талдықорғанда IV кезең аяқталды, өткен жылы 16 мың абонент қосылды. Барлығы 54 мыңның 22 мыңы қосылған.

Балқаш, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Ескелді аудандары мен Текелі қаласынан желілер салынуда. Ақсу, Сарқан, Алакөл, Райымбек және Кеген аудандарын қамтитын «Талдықорған – Үшарал» және «Шелек – Кеген» магистральдық газ құбырларының құрылысы бойынша ЖСҚ әзірлеу аяқталуда. Құрылысты келесі жылдан бастау жоспарлануда. Сонымен қатар 2018 жылдан бастап шағын қалаларда көпқабатты тұрғын үйлерді автономды жылыту жүйесі мен газбен блоктық-модульдік қазандықтарды орнату арқылы қамтамасыз ету мәселесі шешілуде, – деген ресми жауап алдық облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Жалпы, сары жәшіктердің бағасын қарап шықса, 10 мыңнан басталып, түрі-маркасына байланысты бағасы көтеріле береді екен. Бұл жаңасының бағасы. Бұл жерде шынымен де газ таратушылар өздері қолдан дефицит жасап, тұрғындарға қайтадан өз қалтасынан сатып алдырмақшы не болмаса біреу сары жәшіктерден кәсіп көзін тапқалы отыр. Басқа ойымызға ештеңе де келмейді екен.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:23
Түркістандағы қайғылы оқиға бойынша сот үкімі шықты
Арайлым Еркебаева 26.01.2022, 09:25
Зейнеткерлердің зейнетақысы бес жыл бойы ұрланып келген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48