Көкбұлақ сапалы интернетпен қамтылады

Сайт әкімшілігі

22.11.2020, 18:59

282

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағындағы Көкбұлақ елдімекенін инфрақұрылым жүйелері және интернет желісімен қамту жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғын алаптың ауыз су жүйесінің құрылысына бюджет есебінен 258,5 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталған. Мердігер мекеме тарапынан қазылған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда.

Тұрғын алапты табиғи газбен қамту бойынша 2020 жылы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жобалау-сметалық құжаттама дайындауға қаржы бөлінді. Бүгінде жобалаушы мекеме «Марк Гарант» ЖШС ЖСҚ құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сараптама қорытындысына алуға ұсынған. Мемсараптама қорытындысын желтоқсан айының соңында алу жоспарлануда.

Тұрғын алапта жаңадан салынған жаңақұрылыс аумағындағы 80-ге жуық тұрғын үйді электр энергиясымен қамту мақсатында ЖСҚ дайындауға басқармаға ұсыныс берілуде.

Сонымен қатар, қалалық цифрландыру басқармасы тарапынан базалық станция орнатылып, 20 желтоқсанға дейін интернет желісі іске қосылады.

Сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 19 отбасыға демеушілердің көмегімен 48 тонна көмір берілді және  демеушілер тарапынан 60-қа жуық отбасыға әлеуметтік көмек көрсетіліп, қайырымдылық іс-шаралар өткізілді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:30
Жазғы лагерьлерге баратын балалардың саны артты
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 10:00
Жастар қолдауды күтеді...
Сайт әкімшілігі 26.05.2022, 16:15
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.05.2022, 12:00
Шымкентте «Alan» халықаралық мектебі пайдалануға беріледі
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр

Аңдатпа


  • Анамның тілі алаңдатады...
    26.05.2022, 08:40
  • «Дауылпаз ақынның» даңқы мен дақпырты
    26.05.2022, 08:38
  • Газеттер дар алдында тұр!
    26.05.2022, 08:35
  • Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
    25.05.2022, 07:48
  • Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
    25.05.2022, 07:47