Көктемгі дала жұмыстары басталды

Сайт әкімшілігі

03.04.2021, 21:37

506

Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы баяндады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

          Биыл өңірде егіс көлемін 843,4 мың гектарға орналастыру межеленіп отыр

 «Көктемгі дала жұмыстарын мерзімінде аяқтауға толық мүмкіндік бар. Биылғы жылдың өнімі үшін егілген 177,6 мың гектар күздік бидайдың жағдайы жақсы, үстеп қоректендіру жұмыстары басталды. Агроқұрылымдар жаздық дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілген»,-деді Өмірзақ Шөкеев.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 37 мың тонна жанармай бөлінді. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы тарапынан несиелендіруге 4,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, оның 3 млрд. теңгесіне өтінім түсіп, мақұлданды. Бұдан бөлек, өсімдік шаруашылығын қолдауға 7,4 млрд. теңге бағытталып отыр. Былтыр «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» бағытында 2 мыңдай жоба жүзеге асырылып,  262 мың тоннадан астам өнім өндірілді. Нәтижесінде қосымша  18,4 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Осы жобаның тиімділігіне  орай, ағымдағы жылы 6 мың гектарға 2 760 жобаны жүзеге асыру басталды.

«Сондай-ақ, жеке қосалқы шаруашылықтарға тамшылатып суғару технологиясын ендіру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жобасы қолға алынды. Нәтижесінде 286 жоба жүзеге асырылып, әр отбасы 1 млн. теңгеден табыс тапты. Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасымен жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мемлекеттік гранты есебінен 105 жоба қаржыландырылды. Ағымдағы жылы 300 жоба жүзеге асыру жоспарлануда. Облыста жылыжайлар көлемін 1 400 гектарға ұлғайту көзделуде»,-деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Сонымен қатар, Түркістан облысында қарқынды бау шаруашылығы кеңінен дамып, көлемі 3 мың гектардан асты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 15:52
«Қазақстан – бұрынғы Кеңес Одағы аумағында құрылған ірі бітімгершілік күштердің бірі»
М.СӘУЛЕБЕК 14:15
Министр штаб отырысын Шымкентте өткізді
Б.СӘРСЕНБИ 12:59
Түркістанда 25 тойхана жабылды
Миуа БАЙНАЗАРОВА 09:18
Қашпаған сиырдың уызынан дәметіп отырмыз
Сайт әкімшілігі 04.08.2021, 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.08.2021, 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58