Көлік полицейлері пойыз жолаушысының жоғалтып алған қомақты қаражатын тауып берді

Сайт әкімшілігі

04.02.2021, 12:18

1435

 «Шымкент-Нұрлы Жол» бағытындағы жолаушылар пойызының 41 жастағы жолаушысы 1 900 000 млн теңге қаражаты салынған сөмкесін жоғалтып алған.Осы жылдың 3 ақпанында Ерболат Әмірханов есімді Қарағанды қаласының тұрғыны Нұрлы Жол теміржол вокзалындағы Желілік полиция бөлімшесіне келіп, ірі көлемдегі ақшасы салынған сөмкесін жоғалтып алғандығын, оны іздеуге көмек сұрап, өтініш білдірді.

Оның айтуынша, Қарағанды станциясында пойыздан түскен соң, такси тоқтатқан. Көлікте отырған кезде ғана ақша салынған сөмкесінің жоқ екенін байқаған. Вокзалға қайта айналып келген кезде өзі түскен пойыз бұл уақытта жүріп кеткен. «Бұдан соң, таксимен поездың артынан Нұр-Сұлтан қаласына келдім. Іле-шала Нұрлы Жол теміржол вокзалындағы желілік полиция бөлімшесінің полицейлерінен ақшамды тауып беру жөнінде көмек сұрадым», — дейді Ерболат. 

Өтініш түсе салысымен темір жол вокзалының патрульдік полиция тобының полиция сержанты Берік Аққалиев жедел іздестіру іс-шарасына кіріседі. «Өтініш иесі жоғалған сөмкеде үлкен көлемдегі ақшасының бар екендігін айтып, қатты алаңдап тұрғанын жеткізді. Егер сөмке жолаушылар поезында қалған болса, оны өзімен бірге алып кететін адамдардың болуы да ықимал ғой», — дейді полиция сержанты. Берік ең алдымен, сөмке иесі отырған вагон жолсерігімен, басқа да жолаушылармен жедел түрде байланыс жасайды. Жедел әрекет пен үйлесімді жүргізілген шаралардың нәтижесінде 1 900 000 теңге қаражат салынған сөмке табылып, иесіне табысталды.Сөмкесі қолына тиген Е. Әмірханов көлік полицейлерінің қырағылықтары мен кәсіби шеберліктеріне қайран қалып, олардың өз қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін жүрекжарды алғысын білдірді. 

Көлік полицейлері еліміздің әуе және темір жол нысандарында адамдардың көп шоғырланатындығын тағы да еске салып, жолаушыларға бағалы, құнды заттары мен ақша қаражаттарына барынша мұқият болуға шақырады.

Тегтер: полиция қаражат жолаушы жолсерік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 19.01.2022, 15:33
Шымкент: шығын әлі есептеліп жатыр
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 18.01.2022, 15:30
БҚО-да бір полицейдің мұрны қанамады

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48