02.12.2020, 16:57
1045
Ел-жұрт Елбасы күнің тойлайын деп жатқанда Құмкөл кенішіндегі «Бектас-Қоныс» кен орнында қайғылы жағдай орын алды.
Онда жұмысшыларға арналған контейнер жатақхана отқа оранып үш адамның өмірін жалмап кетті. Түн ортасында болған оқиғадан қапияда 1967, 1985, 1970 жылы туған азаматтар қайтыс болды.
Жұмысшылар жатақханасының жалпы аумағы 2500 шаршы метрді құрайды. Аумақта 100 контейнер орналасса, соның 48-і өртеніп кеткен. Өрт түнгі 1,30-да басталып, таңғы 6,40-та сөндірілген. Өйткені жақын жердегі өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық 149 шақырым болған.
Оқиға орнында 3 адамның мәйіті табылды. Олардың ең жасы 35 жаста болған. Жалпы контейнерлерде 30 жұмысшы тұрған. Құтқарылғандар 19 шақырым қашықтықтағы асханаға орналастырылған.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР