Көзі тірі ардагерлер қайтыс болғандардың тізіміне еніп кеткен

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ

10.02.2021, 11:38

4219

БҚО-ның Жымпиты ауылында Ауған соғысына қатысқан интернационалист-сарбаздарға қойылған ескерткіш тақтадағы қайтыс болған жауынгерлердің тізіміне көзі тірі, ортамызда дін аман жүрген ардагерлердің есімдері еніп кеткен. Мұндай сорақылыққа жол беру елге сын емес пе? Турасында айтқанда аудандық мәдениет бөлімі қызметкерлерінің жауапсыздығы демеске амал жоқ. Өйткені, тақтаға тапсырыс беретін солар.

«Кезінде Ауған соғысы ардагерлеріне кереметтей саябақ ашылды. Ашқан азаматтарға Алла разы болсын! Бірақ, сол саябаққа тек ақпан айында, яғни Ауған ардагерлерінің мерекесінде ғана бас сұғылады. Қарынның ашқанына емес қадірдің қашқанына жылағың келеді. Саябаққа ескерткіш тақта орнатылды, ризамыз. Дегенмен, жойқын соғыста ерлікпен қаза тапқан сарбаздар мен қазір ел арасында тірі жүрген ардагерлердің есімдері бір тізімде тұр. Менің өтінішім тізімді бөлек тақтаға шығарса болмас па екен?»,-дейді Ауған соғысының ардагері Мұрат Айдархановтың ұлы Алмаз Мұратұлы.

 «Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш тақтаның алдына жазылған алғашқы жазбаны алдырып тастап, соғыс тарихы туралы шағын дерек пен ауданнан қанша адам қатысқаны, оралған, оралмағаны жөнінде деректер жазып ұсынып едім, оны ешкім қажет етпеді. Әр басшы «өз позициясымен» жүретініне және жұмыс жасарда тек есеп бөлімінің қызметкерлерімен ақылдасатынына көзім жетті. Бұл жерде өзгеріс енгізу деген қайта жасау деген ұғым, яғни қаражат шығындалады. Тапсырыс берген уақыттағы басшылар өз есебінен қайта жасатуы керек шығар», — дейді аудандағы «Саябақ» МКҚК басшысы Ақкүміс Мұрадымова.

 Жоғарыдағы пікірлерді Сырым Датұлы музейінің директоры, аудандық мәслихат депутаты Айнагүл Ойшыбаева да қостады. «Мәдениет бөлімі осындай тізімдер жасағанда ақылдаспайды. Арнайы комиссия құрылып, ортаға салынса, кеңесіп пішкен тон келте болмайтын еді ғой. Жасамай тұрып бір ауыз пікір сұраса кез келген уақытта көмектесуге әзірміз. Қуғын сүргін құрбандарының есімдері жазылған тізімде қанша қате бар екенін ешкім білмейді. Енді, екі шығын шығады», — дейді ол.

Жалпы, аудандық мәдениет бөліміндегі күрделі ахуал кадр тұрақсыздығынан да анық байқалып тұр. Мәселен, бір жыл ішінде бөлімге қарасты «Мәдени демалыс орталығы» мекемесінде 5 директор ауысқан. Ойланатындай-ақ жағдай.

Тегтер: ардагер Ауған соғысы ескерткіш мәселе әкімдік жергілікті әкімдік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Миуа БАЙНАЗАРОВА 18:13
Шенеуніктер неге тәртіп бұзады?
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 12:24
Екпіндіктер әкім Смайыловтан жауап күтіп жүр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 10:15
Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 14:53
Полиция 7 адамның өмірін қиған жол апаты туралы айтты
Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 10:53
Атырауда анасы мен төрт баласы уланып қала жаздады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 02.03.2021, 18:02
Теміртаулықтар қатты аязда жылусыз қалды

Аңдатпа


  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51