«Мәдени астана»: жабылу салтанаты басталды

Сайт әкімшілігі

22.11.2020, 18:39

191

«Шымкент -ТМД-ның мәдени астанасы» жылының  жабылу салтанатты іс шарасы басталып кетті. Карантин талаптарына байланысты мәдени іс-шаралар 4 локацияда өтіп жатыр. Алғашқысы поэзия және әдебиетке қатысты шара Абай саябағында ұйымдастырылуда. Оған қалалық 5 кітапхана және қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры атсалысты.

Кітапханалар көпшілікке кітап көрмесін ұсынса, қуыршақ театры ақын-жазушылардың кейіптерімен шығып, оқырманға рухани азық сыйлады. Сондай-ақ шарада шеберлік сағаты өтіп, Әжелер ансамблі әннен шашу шашты. Айта кетейік, Душанбе қаласына аттанатын керуенге шымкенттіктерден 2200 кітап сыйға берілмек.

Жалпы, «ТМД елдерінің мәдени астанасы» жобасы 2010 жылы Минскте өткен гуманитарлық саладағы салалық ынтымақтастық органдары басшыларының екінші Үйлестіру кеңесінен бастау алады. Әр жылдары мәдени астана мәртебесіне Астана, Алматы, Әзірбайжанның Габала, Ресейдің Ульяновск және Воронеж, Түрікменстанның Мары, Белорусь елінің Гомель, Тәжікстанның 2700-жылдық тарихы бар Күляб сынды өзіндік мәдениеті бар қалалары иеленді. «ТМД-ның мәдени астаналары» мемлекетаралық бағдарламасы ТМД халықтарының мәдениеті арасындағы диалогты жаңғырту мақсатында қолға алынған болатын.

2017 жылдың 11 қазанында Сочиде өткен ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында  2018 жылы ТМД-ның мәдени астанасы ретінде  Арменияның Горис қаласы  жарияланды. 2019 жылы астана эстфетасын Беларусь Республикасының Брест қаласы қабылдап алды. Келесі кезек Шымкенттің еншісіне бұйырды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.04.2021, 16:37
Балқаштағы ұшақ апатының салдары мәлім болды
Сатан НҮСІПҚОЖАЕВ 21.04.2021, 12:21
«Жер сатылмайды» дейді...
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 21.04.2021, 12:17
Жайықтың өзі қымбат па, жағалауы қымбат па?
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 20.04.2021, 10:35
Оралда әйелін өлтірген шенеунік қамауға алынды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.04.2021, 10:10
Жыры бітпеген электронды жүйе
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.04.2021, 15:25
Кәсіпкердің көлігі өзеннен табылды

Аңдатпа


  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    21.04.2021, 09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    21.04.2021, 09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32