Маңғыстауға Мақтааралдан көмек бара жатыр

Сайт әкімшілігі

15.07.2021, 15:33

35

Түркістан облысында биыл төрт түлікке қажетті 4 миллион тоннаға жуық мал азығы толығымен жиналады. Жергілікті басшылар осылай деп мәлімдеп отыр.

Мал азығы қорын молайтып, мал басын сақтап қалу мақсатында облыстағы мал азығы жағдайына талдау жасалды. Қазығұрт ауданында өткен көшпелі мәжілісте облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәселені шешуге аймақтардың толықтай мүмкіндіктерінің бар екенін жеткізді. Барлық аудан, қала әкімдері мен шаруалардың басын қосқан жиын Қызылқия ауылдық округіндегі «Қараша-Агро» серіктестігінде өтті. Облыс басшысы жаңбырлатып суару әдісін пайдаланып, жоңышқа егумен айналысатын шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Биылғы қуаңшылық Түркістан облысында шаруалардың жыл сайын табиғи шөп оратын алқаптарына да әсер етіп, Келес, Сарыағаш аудандарында табиғи шөп нашар шықты. Жиында мұндай жағдайда мал азығына сұраныс артып, алыпсатарлар бағаны негізсіз көтеретіні айтылды. Дегенмен басшылардың сөзіне сенсек, бүгінгі жағдай тұрақты. Бірқатар аудандар өздеріне қажетті жемшөп мөлшерін 100 пайызға жинап үлгерген.

— Облыста мал азығын сататын агроқұрылымдардың тізімі жасақталып, тікелей шаруалармен байланыс орнату жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ алдағы уақытта мал азығы тапшылығы тәуекелділігінің алдын алу, бағасын тұрақтандыру мақсатында Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы орман қорындағы, босалқы және жайылым жерлерінен табиғи шөптерін жинап алу жөнінде екі облыс әкімдіктері арасында меморандум жасалды. Бұдан бөлек, облыстағы орман қорының жерлерінен табиғи шөптерді орып алу ұйымдастырылуда және Бәйдібек, Созақ, Шардара аудандарының жайылымдарын пайдалануға тапсырма берілді, – деді облыс әкімі.

Бұл іс-шаралар облыс агроқұрылымдарын қолжетімді мал азығымен қамтамасыз етіп, мал шаруашылығының даму қарқынын арттыруға жол ашады. Өмірзақ Естайұлы мәселені ушықтырмай, уақтылы шешуді жеткізді. Өңірдегі жалпы мал азығы көлемін арттырып, егістікті әртараптандыруды жалғастырып, жоңышқа өсіруді дамыту туралы тапсырма берді. Басқосуда айтылғандай, бастапқыда батыс өңірлеріндегі жағдайдан үрейленіп, әр бума пресс жоңышқаның бағасы 1200-1400 теңгеге дейін көтерілсе, қазір облыста егістік алқап басынан табиғи шөптер пресі – 400-500, жоңышқа 700-800 теңгеден сатылуда.

  • Мақтаарал ауданында жемшөп бағасы қымбаттаған деген әңгіме дұрыс емес. Бізде мал азығы жеткілікті. Біз нарықты қадағалап отырамыз. Жоспарға сәйкес, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кей жерлерде қымбат бағамен жоңышқа сатылып жатқанын естідік. Бірақ бұл жекелеген кәсіпкерлердің ісі, – деді Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов.

Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауылдық округі, «Сапа-2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егін ору науқанымен танысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев:

– Ауыспалы егін егу тәсілін сақтай отырып, жаңа нөлдік технологиямен өнім алуды дамыту қажет, – деді.

Ауыспалы егіс – топырақ құнарын сақтау және арттыру, тұрақты мол өнім алу мақсатында дақылдарды және танаптарды алмастырып отыру жүйесі. Дақылдар алмастырылып егілгенде өнім көрсеткіштері жақсарады, жердің құнарлылығы артады, топырақ эрозиясы төмендейді, егістіктің ластануы, зиянкестер мен ауру қоздырғыштардың көбеюі азаяды. Қазығұрт ауданында жалпы егістік көлемі 100 мың гектардан асады. Көктемгі дала қорытындысымен меже 100 пайызға орындалып, аудан толығымен астық тұқымдарымен қамтамасыз етілген.

Айта кетері,  былтыр топан судан зардап шеккен Мақтаарал ауданы Өргебас ауылының тұрғындары Маңғыстау облысына бір вагон шөп жөнелтті. Ол Жаңаөзендегі шөп жетіспеушілігінен қиындыққа тап болған шаруаларға тегін үлестіріледі.        Ауданның құрметті азаматы Ережеп Қанаевтың бастамасымен ауыл халқы 1,6 миллион теңгеден астам қаржы жинап, қолдағы қаражатқа 1100-ге жуық нығыздалған шөп (пресс) сатып алынған. Сондай-ақ  ауылдың 30-дан астам жігіті Сарыағаш ауданындағы Құрмет Талапқазы бастаған еріктілер тобына қосылған. Жақсылыққа жаны құмар жандардың айтуынша, қиын сәтте бір-бірімізге қолдау көрсету – азаматтық парыз.         Мақтаарал ауданы әкімдігінің таратқан мәліметіне қарағанда, былтыр ауданда орын алған су тасқыны кезінде зардап шеккен азаматтарға республиканың түкпір-түкпірінен көмек көрсетілгені елдің есінде. Сондықтан жерлестерінің ыстық ықыласына бөленген Өргебас ауылының тұрғындары сын сағатта әрбір қазақстандыққа қолдау көрсетуге әзір. Мәселен, аудан тұрғындары бұған дейін де қатты дауылдан жапа шеккен Отырар ауданына 1 миллион теңгеден астам қаржылай көмек көрсеткен-ді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 15:00
Оралда көкөніс өсіру тиімді бизнес
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08:40
Әділхан ЖӨЛЕКЕШОВ: Оқушыларымыз карантиндік талапқа сай білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 18:23
Қарағандыда құрылыс басында қазалы жағдай орын алды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 16:55
Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде
Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39