Мегаполис ауыл шаруашылығы бойынша бірінші орында

Сайт әкімшілігі

27.08.2020, 13:17

158

Шымкент қаласының шаруалары жыл басынан бері 73,6  млн. АҚШ доллары болатын ауыл шаруашылық өнімдерін әлемнің 11 еліне экспорттаған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырған ауыл шаруашылығы экспортының артқаны байқалады. Мәселен 2019 жылы 65,5 млн. АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері шетел нарығына шығарылған. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мамандары мәлім етті.

Шымкенттен шыққан өнімдер Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Ауғаныстан, Қырғызстан, Украина, Моңғолия, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері және Қытайға жөнелтілген. Шымкент қаласында бірінші жартыжылдықтағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 14.7 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,7 пайызға жоғары. Ауыл шаруашығы өнімі көлемінің өсу қарқыны бойынша Шымкент қаласы республика бойынша бірінші орында.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.02.2021, 22:00
Судьяның тәртібін комиссия қарады
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 14:02
БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 12:36
Түркістанға «Гам-КОВИД Вак» вакцинасы жеткізілді
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 11:21
Бірқатар өңірлерде жолдар жабылды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.02.2021, 09:18
Қос азаматтығы бар шенеунік басшылық қызметте қалай жұмыс істеген?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 26.02.2021, 09:15
Ардагерлер кеңесіне ұстанымы биік тұлға қажет

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51