Мегаполис екінші толқынға дайындалуда

Сайт әкімшілігі

17.09.2020, 08:05

262

Шымкент қаласында COVID-19 және вирустық пневмонияның ықтимал өршуіне медициналық ұйымдардың дайындығын анықтау бойынша оқу-жаттығу өтуде. Солардың бірі Асар шағынауданындағы қалалық жұқпалы аурулар орталығында жалғасты.

Оқу-жаттығу барысында науқастың шақыртуының «103» пультіне түскен сәтінен бастап, тиісті белгілері болған жағдайда стационарға жатқызуға дейінгі бағытының бастан аяқ алгоритіміне баса назар аударды. Бұл қабылдауды дəрігер Гүлнар Исабаева жүргізді.

Жаттығу кезінде сөз алған қалалық жұқпалы аурулар орталығының аға дəрігері Шырымбек Бекенұлы: «Дəрі-дəрмек толық қамтамасыз етілген. Оттегі аппараттары жеткілікті. Ал бүгінгі оқу-жаттығу — болжамды толқынға дайындық. Мұның маңызы зор» деп, өз пікірін білдірді.

Оқу-жаттығудың мақсаты — қаланың барлық медициналық ұйымдарын коронавирустық инфекциямен күреске барынша дайындығын пысықтау.

Айта кетейік, іс-шараға инфекциялық және провизорлы стационарлармен қатар меншік нысанына қарамастан барлық  бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдары қатысуда.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті
Еркежан АРЫН 11:37
Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Расул ЖҰМАЛЫ 21.10.2021, 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр
Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 19:38
Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31