Мегаполисте диагностикалық орталықтар құрылды

Сайт әкімшілігі

17.10.2020, 10:17

380

Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдайтын 13 диагностикалық орталық ұйымдастырылды. Бұл жөнінде бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Бақытжан Позилов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте баяндады.

-        Диагностикалық орталықтарда 17 компьютерлік томография және 30 рентген аппараты бар. Сонымен бірге, 6 ПТР зертханасы бар, оның 2-уі жаңадан ашылды. Олар  тәулігіне 2 500 тест қабылдайды, — деді Б.Позилов.

Сонымен қатар, медицина мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтау бойынша қосымша 282 ИВЛ алынып, қалада ИВЛ саны 612-ге жеткенін айтты. Жаңа 3 оттегі станциясы мен 9 сұйық оттегі резервуары орнатылған.

Қыркүйек айында медицина ұйымдарының өзара әрекет алгоритмі пысықталып, науқастарды категорияларға бөлуді үйлестіру үшін 3 рет оқу-жаттығу өткізілді. Осы уақыт ішінде 10 164 медицина маманы коронавирус инфекциясымен күрес бойынша оқытылды.

Ал, емханалар жанынан құрылған 67 мобилді топ 29 415 пациентке медициналық қызмет көрсетті. Науқастарға жедел жәрдем көрсету мақсатында жаңа call-center іске қосылды. Шақыруды қабылдау желісі 9-дан 28-ге өсіп, операторлар саны үш есеге артты. Бүгінгі таңда қоңырау қабылдау қуаттылығы тәулігіне 3 500-ге жетті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:30
Жазғы лагерьлерге баратын балалардың саны артты
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 10:00
Жастар қолдауды күтеді...
Сайт әкімшілігі 26.05.2022, 16:15
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.05.2022, 12:00
Шымкентте «Alan» халықаралық мектебі пайдалануға беріледі
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр

Аңдатпа


  • Анамның тілі алаңдатады...
    26.05.2022, 08:40
  • «Дауылпаз ақынның» даңқы мен дақпырты
    26.05.2022, 08:38
  • Газеттер дар алдында тұр!
    26.05.2022, 08:35
  • Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
    25.05.2022, 07:48
  • Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
    25.05.2022, 07:47