04.11.2020, 03:37
300
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мəжілісінде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлімдеді.
– Бүгінде қалада эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Соңғы екі тәулікте коронавирус індеті тіркелмеді. Ал 1 тамыздан 3 қарашаға дейін COVID-19 белгісі бар пневмонияның 1006 жағдайы тіркелді. Қазіргі таңда коронавирусты анықтау мақсатында 3 компьютерлік томография аппараты сатып алынды. Қалалық инфекциялық ауруханаға орнатылған компьютерлік томография қондырғысы алдағы күндері науқастарға қызмет етуді бастайды, – деді Б.Жолдасбекұлы.
Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, Шымкент қаласы республикалық рейтингте жедел жәрдем қызметінің уақытылы келуі, сәтті реанимация және санитарлық машиналардың жабдықталуы бойынша алғашқы үздік үштіктің қатарында тұр.
Айта кетейік, Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызынан 3 қарашаға дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 5 240 жағдайы тіркелген (2662 симптоматикалық, 2578 симптомсыз). Ал 5 152 науқас емделіп шыққан.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР