21.11.2020, 18:06
297
Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» телеарнасында өткен «Әкім сағаты» бағдарламасында баяндады.
Мұрат Дүйсенбекұлы шаһарда індеттің екінші толқынын болдырмау және оның алдын алу бойынша атқарылып жатқан сақтық шаралар туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
— Қазір Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Дегенмен, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында сақтық шарасына қатаң назар аударып отырмыз. Таяуда медициналық ұйымдарға126 дана өкпені жасанды желдету құрылғысы жеткізіліп, жалпы 612 аппарат науқастардың денсаулығын жақсартуға көмектеседі, — деді қала әкімі.
Шаһарда 3 оттегі станциясын орнату жұмысы аяқталды. Оның екеуі қалалық инфекциялық ауруханасында болса, біреуі №3 қалалық ауруханасында орнатылады. Мұнан өзге ауруханалардағы 717 оттегі нүктелері мен сұйық оттегіге арналған 9 резервуар орнатылғанын атап өтті.
Сонымен қатар, медициналық ұйымдарда COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қоры жасақталған.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР