Мегаполисте кіріс көбейді

Сайт әкімшілігі

20.11.2020, 17:38

215

Шымкент қаласы Абай ауданында инфрақұрылым мен кәсіпкерлік бағытын дамыту үшін биыл 29,3 млрд.  теңге инвестиция тартылған. Оның ішінде 25,2 млрд теңге бюджеттік қаржы болса, жеке инвестиция көлемі 4,1 млрд теңге. Ауданның инвестициялық ахуалы мен жергілікті бюджеттің орындалуы жөнінде Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов баспасөз брифингте мәлімдеді.

Бұхарбай Рысқұлұлының сөзінше 2021 жылы ауданға тартылатын инвестицияның көлемін ұлғайту жоспарланған, 41,7 млрд теңге. Оның ішінде бюджеттік қаржы 29,7 млрд теңге, жеке инвестиция 12 млрд теңге деп болжанып отыр.

–Биыл салықтан түскен қаржының көлемі артып отыр. Түсімдердің көлемі өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 3,2 млрд теңге кіріс түсіп, жоспар 133% атқарылды, -деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының жаңа статусқа ие болуына байланысты жеке тұлғалардың мүлік, жер салықтары есебінен түсімдердің өсу қарқыны 138 млн теңгеге артқан.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:58
Ермекбаев айтқан «диверсия» дәлелденді ме?
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 03.08.2021, 14:32
Грек-рим шеберлері сенімді ақтамады
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 03.08.2021, 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58