20.09.2020, 07:46
430
Шымкент қаласында білім саласы толығымен автоматтандырылған. Балабақшаға кезекке қоюдан бастап техникалық және кәсіптік білім беру саласына дейінгі қызмет көрсету түрлері электронды жүйеге көшкен.
Солардың бірі — білім беру ұйымдарында енгізілген «Миндаль» қосымша білім беру платформасы өз тиімділігін көрсетіп отыр.
Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Шымкент — адалдық алаңы» жобасының ANTIKOR LIVE тікелей эфирінде айтты.
–«Миндаль» қосымша білім беру платформасы арқылы ата-аналар балаларын ән-би, көркем-сурет секілді түрлі қосымша үйірмелерге қатыстыру үшін өтінім бере алады. Осыған дейін бұл қызмет 5 жұмыс күнінің ішінде қаралып келген. Ал қазір 30 минуттың көлемінде үйірмеге қабылдануға мүмкіндігі бар», — деді Мұрат Әйтенов.
Айта кетейік, аталған платформа арқылы былтыр 142 өтінім берілген, биыл 633 өтініш келіп түскен.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР