"Nur Otan" партиясының мүшелері Түркістан қаласында болды

Сайт әкімшілігі

22.12.2020, 08:47

555

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, парламент мәжілісінің депутаты — Мұхтар Ерман, белгілі сықақшы, журналист — Көпен Әмірбек және Түркістан облыстық мәслихатының депутаты — Өмірзақ Мелдеханов бастаған кездесуде «Nur Otan» партиясының мақсаты мен алдағы сайлау науқанына дайындық барысы айтылды. 

Алғашқы кездесу Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ- түрік университетінің мәдениет үйінде өтті. Жастар мен аға буын өкілдері арасында ашық әңгіме өтіп, партия мүшелері жастарға ақыл кеңесін берді.

Өз кезегінде белсенді жастар толғандырған сауалдарымен ұсыныстарын жеткізіп, тұшымды жауап алды.

Партия мүшелерінің кезекті үгіт-насихат жұмыстары Түркістан қаласы «Сапар орталығында» жалғасты. Кездесуге қаламыздағы қоғамдық ұйым төрағалары, соғыс ардагерлері мен желтоқсан оқиғасында болған аға буын өкілдері қатысты.

Партия мүшелері өз сөздерінде «Nur Otan» партиясында болатын алдағы сайлауға белсене атсалысу қажеттігін түсіндірді.

Партияның Республикалық штат мүшелері кездесу барысында қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Кездесу соңында сөз етілген ұсыныстар мен тілектер қарастырылатыны айтылды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 10:35
Оралда әйелін өлтірген шенеунік қамауға алынды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 10:10
Жыры бітпеген электронды жүйе
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.04.2021, 15:25
Кәсіпкердің көлігі өзеннен табылды
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:17
Нұр-Сұлтанның сол жағалауы отқа оранды
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 22:46
Жетісайдың қырықабаты экспортқа кетіп жатыр
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 15:51
Түркістанда балық шаруашылығы жақсы дамып келеді

Аңдатпа


  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08