Нұр-Сұлтанда КВИ-мен ауырғандардың саны азайды

Сайт әкімшілігі

08.12.2021, 15:00

589

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева қалада жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылғандар санының азайғанын, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем қызметіне жүгінушілер санының азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бейінді басқарманың мәліметінше, бүгінгі күні қала бойынша КВИ жұқтырған 359 пациент инфекциялық стационарларда ем алуда, оның ішінде 40 адам реанимацияда жатыр.

«Инфекциялық стационарларға емдеуге жатқызылған пациенттердің саны өткен айлармен салыстырғанда аз болды. Осылайша, КВИ науқастарының да 38% — ға, сондай-ақ стационарлық емделуде жүргендердің де 27% — ға төмендегені байқалады. Сондай — ақ, жедел медициналық жәрдем қызметіне жүгінулер мен шақырулар саны 27% — ға азайды», — деді Гүлназ Досмырзаева.

Бұл ретте МСАК ұйымдары коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге үйде қызмет көрсетуді жалғастыруда. Мобильді бригадалар күніне 1000-1200-ге жуық амбулаториялық пациенттердің үйіне барады.Айта кету керек, аурудың төмендеуінің оң динамикасына қарамастан, елорда тұрғындары мен қонақтары санитарлық нормалар мен карантиндік шектеулер талаптарын қатаң сақтауы керек. Қауіпті вирустан және оның салдарынан қорғаудың ең тиімді әдісі вакцинация болып қала береді.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі
Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 17:35
Түркістан: АӘК алатын отбасылардың балалары мектеп формасымен қамтамасыз етіледі

Аңдатпа


  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49
  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49