Нұр-Сұлтанның бас санитары Рамазан айы қарсаңында тұрғындарға үндеу жасады

Сайт әкімшілігі

08.04.2021, 13:50

1292

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова Рамазан айы қарсаңында қала тұрғындарына үндеу жасады, 

"Қоғам үшін маңызды діни мереке — қасиетті Рамазан айы жақындап келеді. Ол еліміздегі көп адам үшін үлкен маңызға ие. Қаланың барлық тұрғынынан мереке күндері түсіністікпен қарап, карантин режимін қатаң сақтауды сұраймыз. Халықтың рухани, діни көзқарасына құрметпен қараймыз. Алайда коронавирус бәрінің денсаулығына қауіп төндіреді", — деп ескертті Бейсенова әкімдікте өткен брифингте.

Бас дәрігер қала тұрғындарына шектеу шараларын сақтауға және ұжымдық іс-шараларды, оның ішінде үйде жиын өткізбеуге кеңес берді.

«65 жастан асқан адамдар тәуекел тобында. Осыған байланысты қасиетті ай кезеңінде ауызашарды тек отбасы ортасында өткізу ұсынылады. Пандемия кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтау маңызды екенін ұмытпаңыз», — деп қосты ол.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 15:52
«Қазақстан – бұрынғы Кеңес Одағы аумағында құрылған ірі бітімгершілік күштердің бірі»
М.СӘУЛЕБЕК 14:15
Министр штаб отырысын Шымкентте өткізді
Б.СӘРСЕНБИ 12:59
Түркістанда 25 тойхана жабылды
Миуа БАЙНАЗАРОВА 09:18
Қашпаған сиырдың уызынан дәметіп отырмыз
Сайт әкімшілігі 04.08.2021, 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.08.2021, 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58