«Өлі суға айналды...»

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

25.08.2021, 09:28

1787

       Майқұдықтың іргесінде орналасқан Костенко атындағы шахта жанындағы елді мекеннің  тұрғындары «экологиялық апатқа душар болдық» деп дабыл қағуда.   

    Костенко атындағы шахта орналасқан жерде шағын ауыл бар. Қарағандыға жақын орналасқан бұл елді мекен тұрғындары жанындағы кәсіпорыннан әбден ығыр болғанын, бұған биліктің назар аудармай отырғанын айтып зар илейді. Тұрғындардың айтуынша, бұл жерде жақында ашылған кәсіпорын жұрттан қағаз қалдықтарын қабылдап, картон басып шығарады екен. Кәсіпорын зиянды қалдықтарын ауыл жанындағы суқоймаға төгеді.

Осыдан кейін бір кездері өзен тәрізді ағып, мал суғаруға жарап тұрған тіршілік көзі жағымсыз иісі мүңкіген қоқыс алаңына айналды. Жұрттың айтуынша, бұл жерден мал да су ішпейді, балықтары қырылып қалған. Судың иісі қолқаны қабады. Тұрғындар есік-терезені жауып отыратындарын әрі далада көп жүрсе бастарының ауыратынын айтып, көмек сұрайды. Арыз-шағымнан кейін бұл жерге санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы мен әкімшіліктен мамандар келген. Алайда халық олардың неге келіп, не үшін кеткенін білмейді. Өйткені олар келіп кеткелі де жағдай өзгермей, «баяғы жартас ­– сол жартас» күйінде қалған.    

– Кешке жақын бұл зауыт көгілдір түсті газ шығарады, сол кезде мүлдем демалу мүмкін емес, тынысымыз тарылып, басымыз ауырады. Олар заңды түрде зияны тимейтін кәріздік жүйені орнатып, сол жерге қалдық төксін. Тіпті болмаса халықты уламай, кәсіпорынды жауып тастасын. Бұлар бізді улап жатыр, – дейді елді мекен тұрғыны Петимат Велидова.   

    Зауыт басшылығы жауапты орындар өкілдері келгенде зиянды қалдықтарын суқоймаға төкпейтінін айтқан. Алайда халық «көз алдымызда суды ластап отырып өтірік айтады» деп қынжылады. Ал экология департаменті бұл кәсіпорынды мораторийдің болуына орай, тексере алмаған. Басқа мемлекеттік органдар осы экологтарға сілтеп отыр. Экология департаменті бұл мәселенің ақ-қарасын анықтап, тексеріс жасау үшін министрліктен рұқсат сұрапты. Министрліктен рұқсатты жақында алған экология департаменті «енді тексереміз» деп білектерін сыбанып отыр. Ал ауыл тұрғындары «кезінде осы суқоймада қаз-үйрек жүретін, балық аулайтын едік, қазір өлі суға айналды» деп өкініш білдірді.

Тегтер: ауыз су мәселе әкім жергілікті әкімдік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 15:00
Оралда көкөніс өсіру тиімді бизнес
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08:40
Әділхан ЖӨЛЕКЕШОВ: Оқушыларымыз карантиндік талапқа сай білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 18:23
Қарағандыда құрылыс басында қазалы жағдай орын алды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 16:55
Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде
Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39