Өндірісті өлке өміршеңдігін танытты

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

26.11.2020, 10:18

575

        Қарағанды облысы  еліміздегі өндіріс қуаты қарқынды дамып келе жатқан өңір. Әлемді шарпыған пандемияға қарамастан,  аймақтың экономикасында ілгерілеушілік үрдісі байқалады. Цифр тілімен сөйлетсек, облыстың өнеркәсіп көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,4 пайызға артқан. Кенді өлке республикамыздағы алдыңғы қатардағы төрт өңірдің қатарына енеді.

Өндірісті өлкеге  жасаған жұмыс сапарында президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының даму барысымен танысты. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек мемлекет басшысына арнайы экономикалық аймақтағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, тұрақты жұмыс орындарын ашу, жеке және шетелдік инвестицияларды тарту,  сондай-ақ Қазақстан мен Германияның бірлескен кәсіпорнының жұмысы жайында баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазсолар-50» компаниясының өкілімен дидарласу барысында  жаңартылған энергия көздеріне қатысты жобаларды іске асырудың маңыздылығына тоқталды.

Одан әрі мемлекет басшысы канадалық заманауи технология бойынша өнім шығаратын «SteeI Manufacturing» ЖШС-нің  өндіріс аумағын аралап көрді. Зауыт  тұтынушыларына жылына латуньнан жасалатын 30 миллион бұйым жіберіп  отыр.

 Қасым-Жомарт Тоқаевтың келесі аялдаған өндіріс ошағы «YDD CORPORATION» ЖШС-нің ферроқорытпа зауыты болды. Аталған зауыттың қуаттылығы жылына 180 мың тонна өнім өндіруге жетеді. Онда қолданылатын технология ферросилиция мен ферромарганец шығаруға мүмкіндік береді. Жобадағы отандық өнімнің үлесі 95 пайыздан асады. Сапасы жағынан әлемдік талапқа сай келетін кәсіпорынның ферросилициясы Қазақстаннан бөлек, Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінің нарығына жол тартуда. Пандемия кезінде компания өнімінің тұтыну аумағы 15 мемлекетке көбейіп, Қазақстанның экспорттық әлеуетін көтеруге үлес қосты.

Сонымен қатар мемлекет басшысы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатындағы мырышпен және алюминиймен қаптау цехының жұмысымен танысты. Кәсіпорынның атқарушы директоры Вадим Басин президентке өндіріс процесін ұйымдастыру және жабдықтау жұмысының қағидалары туралы айтты. Бұл жұмыс орнында  мырышпен қапталған орамды және табақша өнімдері өндіріледі. Цехтың жалпы өндірістік қуаты жылына 700 мың тоннаға дейін  дайын өнім шығаруға жетеді. Мемлекет басшысы цехтың дайын өнімдері мен жұмыс жүктемесін қарап көрді. Мырышпен қапталған табақшаларға конструкциялық материалдар өндірісі мен құрылыста сұраныс жоғары. Металлургия өндірісіндегі бұл өнімнің қосымша құны қымбат. «Арселор Миттал Теміртау» АҚ бас директоры Наир Биджу президентке кәсіпорынды дамыту перспективасы, жаңа кокс батареясы құрылысының міндеттемелері, өндірістен шығатын қалдықтардың мөлшерін азайту жөніндегі шаралар жайында ақпарат берді.

       Білімсіз келешек жоқ. Қарағандыда жылма-жыл балаларын қазақша оқытуға бейілді ата-аналар артып келеді. Бұл орайда, бастауыш сыныптардың саны көбейіп отыр. Өзге өңірлердегідей үш ауысыммен оқыту түйткілі түбірімен шешілген жоқ. Облыс басшысының осы істі қолға алуымен биылғы жаңа оқу жылында  Қарағандыда 1200 орындық мектеп-гимназия пайдалануға берілген болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аталған білім ордасында болып, заманауи құралдармен жабдықталған кабинеттер, STEM-лаборатория, роботтық техника және зияткерлік бөлмелер, мектеп телестудиясы мен медиастудияны аралап көрді. Жаңа білім ошағында жақын маңдағы мектептерден ауысқан  900 оқушы сабақ оқуда.  Айта кетерлігі, оқу ордасы ұлы ақын әрі ағартушы Абай Құнанбаевтың мұраларын зерттеп, насихаттап келеді. Мемлекет басшысы мектеп-гимназияға Абайдың есімін беру жөніндегі ұсынысты құптады.

     Қарағандыға жұмыс сапарымен келген президент сондай-ақ бірқатар спорт нысандарын аралап, жай-күйімен танысты. Осы орайда, кеншілер шаһарында қатарға қосылған жаңа теннис орталығының орны оқшау. Орталықта бір мезгілде 650 жасөспірім жаттыға алады. Нысанның инфрақұрылымы әлемнің ең озық стандартына сәйкес келеді. Орталық құрылысына еліміздің үстел теннисі федерациясы 1 млрд 950 мың теңге қаржы салған. Теннис орталығында 11 корт бар, жетеуі жабық кеңістікте орналасқан. Ғимаратта жалпы және арнайы дене шынықтыратын дербес залдар бар. Олар кешен шаруашылығын дамытудың үздік  жаhандық тәжірибесіне сай жасақталған. Теннис орталығының айналасындағы 1,5 гектар аумақ толығымен абаттандырылған. Атап айтқанда, орталықта АТР/WTA Challenger деңгейіндегі әлемнің үздік 100 ойыншысы қатысатын халықаралық және республикалық теннис жарыстарын өткізуге, сондай-ақ отандық спортшылардың кәсіби шеберлігін шыңдауға  да мүмкіндік жасалған. Бұл өз кезегінде ел спортшыларының шеберлігін шыңдауға орасан ықпал етері хақ.  Орталықтың жалпы көлемі 7,8 мың шаршы метрді құрайды. Орталықта тәулігіне 400 адам үстел теннисін ойнау мүмкіндігіне ие. Нысан құрылысына жеке инвесторлар 2,4 млрд теңгеге жуық қаржы құйған.

Сапардан түйген әсерін айтқан президент Қарағанды облысында  ел игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.

Тегтер: өндіріс өлке аймақ экономика отандық өнім

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.01.2021, 17:30
Қарағанды облысында карантин күшейеді
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 22.01.2021, 17:00
Семейді қыстан сақтауға "қолы қойылмаған" Сақтағанов келді
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 21.01.2021, 17:44
"Ұлттық ат бәйгесін ас беру деңгейінде ғана қарастыруға болмайды"
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.01.2021, 16:13
Алименттен жалтарған әкенің көлігі тәркіленді
Мариям МАҚСАТ 21.01.2021, 14:14
Павлодар атауы өзгере ме?
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 20.01.2021, 09:21
Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?

Аңдатпа


  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30