Өңірде инвестиция көлемі өсуде

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ

16.09.2022, 15:56

3002

Сейсенбі күнгі үкімет басшысының төрағалығымен өткен жиында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен серпіліс» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды.

Селекторлық жиында баяндама жасаған экономика министрі Әлібек Қуантыров Қызылорда облысының негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің өсімі 18,3 пайызды құрап, республика бойынша алдыңғы қатарда екенін жеткізді.

Үкімет отырысынан кейін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала, аудан әкімдерімен жиын өткізіп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім байқалғанымен, бірқатар көрсеткіштерде әкімдерге жұмысты үйлестіру қажеттігін айтты.

– Аймақта өңдеу өнеркәсібінде 6,2 пайыз өсім қалыптасты. Әсіресе Жалағаш, Арал, Сырдария аудандарында елеулі өсім бар. Дегенмен өңдеу өнеркәсібі бойынша Қызылорда қаласы мен Қармақшы ауданына жұмысты жандандыру қажет. Құрылыс жұмыстарының көлемін арттыру бағытында облыс орталығындағы көрсеткішті әлі де көтеру керек. Қызылорда қаласында құрылыс қарқынды жүріп жатқанымен, мерзімінде түгендеу жұмыстары жүргізілмей, базаға енгізілмей қалған, сондықтан статистика басқаша. Осы бағыттағы жұмыстарды ретке келтіру қажет. Барлық аудандар мен қала әкіміне экономикалық өсімді ай сайын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау міндеттеледі, – деді Н.Нәлібаев.

Өңірде инвестиция қарқыны төмен емес. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда инвестиция тарту 18,3% көбейген. Мәселен, Байқоңыр қаласында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру есебінен инвестиция көлемі 32 есеге артқан. Аудан бөлінісіне сәйкес, Сырдария, Шиелі, Жалағаш, Қазалы аудандары жоғары өсім динамикасын көрсетіп тұр.

Жиында бюджеттің игерілу барысы да қаралды. Н.Нәлібаев барлық көрсеткіштерді саралап, жоспарланған қаражаттарды 100% толығымен игеруді, 2022 жылдың 1 қазанына мемлекеттік сатып алу конкурстарын аяқтап, келісімшарттарды уақытылы тіркеуді тапсырды.

Сонымен қатар қаржының толық, сапалы және уақытылы игерілу мақсатында тауар жеткізушілер және мердігерлермен тиімді жұмыстар жүргізуді жүктеді.

Отырыста сөз болған екінші мәселе, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен серпіліс» ұлттық жобасын іске асыру аясында «Ақылды» қалалардың эталондық стандартына сәйкес, келер жылдан бастап Арал және Қазалы қалаларында жобаны іске асыру тетігін қарастырады. Сондай-ақ Қызылорда қаласының қоғамдық көліктерінде электронды билеттеу жүйесіне жеке тасымалдаушылардың да қосылуын, валидатормен толық жабдықталуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерзия ЕРСҰҢҚАР 29.09.2022, 14:10
Сот саласындағы маңызды жүйе
Сайт әкімшілігі 28.09.2022, 16:56
БҚО әкімдігі: Ресей мен Қазақстан шекарасы аумағындағы ахуал толық бақылауда
Бифат ЕЛТАЕВА 28.09.2022, 10:36
Шыныққан бала шымыр болады
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 28.09.2022, 05:56
Он екі жыл бұрын ашылған мектеп құлағалы тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 27.09.2022, 15:49
Қарағандыдағы мектепке ұлт қайраткері Тәшеновтің аты берілді
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 27.09.2022, 12:39
Бұқаралық спорт мектептен басталады

Аңдатпа


  • Даниалдар «дань» төлемейді!
    30.09.2022, 08:34
  • Билік халыққа жау ма?!
    30.09.2022, 08:50
  • «Қуантыров қуантпайды, Пірматовтан пайда жоқ...»
    30.09.2022, 08:49
  • Тоны тозған қазақтың – тойы бітпес
    30.09.2022, 08:48
  • Әй, Әлихан, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені!..
    29.09.2022, 08:37