" Оптовка " пирамидасын құрған жазасын өтеуші түрмеден ерте шығады.

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

10.12.2020, 11:35

1079

Қарағанды облыстық соты 4 жыл 5 айға сотталған Елена Колесникованың жазасын өтеу мерзімін қысқартты. 

" Оптовка " деген атаумен жұртқа танымал болып, қаржылық пирамиданы  құрған Елена Колесникова 2017 жылдың тамызында 4 жыл 5 айға сотталған болатын.  «ФинансОпто Групп » ЖШС құрып, басшылық еткен Елена Колесникова жұрттан ақша алып, оларға үстемақымен қайтарып отыруға уәде берген. Уақыт өте келе ол халықтың қаражатын қайтармаған. Сот барысында Елена Колесникованың Нұр — Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысынан  752 адамды алдап, ақша алғаны белгілі болды.Бүгінде қылмыстық кодекске өзгерту енгізілуіне байланысты сотталушының жазасын өтеу мерзімі қысқарған. АК 159 / 9 калониясының бастығы Елена Колесниковаға қатысты жазаны жаңа заңға қатысты өзгертуді сұрап, сотқа өтініш тастаған. " Сот қаулысына сәйкес, Октябрь аудандық сотының Елена Колесниковаға қатысты үкімі заңға сай қарастырылды.  Жазасын өтеу мерзімі үкім күшіне енген күнге дейінгі уақыт  яғни 2016 жылдың 15 қазанынан 2017 жылдың 26 қазан аралығындағы күндер бір тәулігі бір жарым тәулік болып есептелді " ,- деп мәлімдеді Облыстық соттың баспасөз қызметі. 4 жыл 5 ай мерзіміндегі жазаға кесілген Елена Колесникова 2021 жылдың мамыр айында бостандыққа шығуы тиіс еді. Енді ол сол мерзімінен шамамен үш ай бұрын ерте босап шығады.

Тегтер: қылмыс ұрлық полиция заңсыздық фирма

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мариям МАҚСАТ 08:50
Әупірімдеп жүріп соңғы сатыдан көтерілді
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 22.04.2021, 13:43
Семейліктер ескі мен жаңаның ортасында жүр
Миуа БАЙНАЗАРОВА 22.04.2021, 13:34
Мақсатымыз – білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеу
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.04.2021, 16:37
Балқаштағы ұшақ апатының салдары мәлім болды
Сатан НҮСІПҚОЖАЕВ 21.04.2021, 12:21
«Жер сатылмайды» дейді...
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 21.04.2021, 12:17
Жайықтың өзі қымбат па, жағалауы қымбат па?

Аңдатпа


  • Жасымнан жол сілтеген шамшырағым
    09:03
  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    21.04.2021, 09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    21.04.2021, 09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25