Оқу-жаттығу жұмыстарынан кейін тұрғындардың үйі апатты жағдайға түскен

Арайлым Еркебаева

15.09.2021, 10:30

870

       Балқаш қаласының жанындағы Сарышаған әскери қалашығы бүгінде қаңырап бос қалып жатыр. Қалада қалған тұрғындар «жақын маңда өткізілетін әскери оқу-жаттығудың салдарынан үйлеріміздің қабырғасы сөгіліп, құлауға шақ қалды» деп дабыл қағуда.        Сарышағандағы №3 ықшамаудандағы 4-үйдің жағдайы мүлдем мүшкіл. Бұл үйдің іргетасы отырып, қабырғалары қақырап жарыла бастаған. Жергілікті билік өкілдері 2007 жылы бұл үйді темір құрсаумен бекітіп тастаған. Алайда биыл тағы да қабырғадағы жарықшақтар ұлғайып, тұрғындар алаңдап отыр. Барар жер, басар тауы қалмаған қараша халық түн ішінде ұйықтап жатқанда үй құлап,  үйінді астында қалып қоямыз ба деп зар илейді. Әкімдіктегілер де  бұл мәселеге келгенде тығырыққа тірелгендей болып отыр, өйткені Сарышағанда жаңадан үй салынбағандықтан, тұрғындарға үлестіріп беретін баспана жоқ. Шенеуніктер бесінші қабаттағы баспаналары әбден жарамсыз болып қалған үш отбасына ғана пәтер тауып бермекші. Ал бұл үйде 60 отбасы тұрып жатыр. Тұрғындар 1978 жылы салынған үйдің жарылып, құлауға шақ қалуына Сарышаған әскери полигонында оқу-жаттығу кезінде дүмпулердің көп болуы әсер етуі мүмкін деп топшылайды.      – Бізге көмек керек, білмейміз, қайда барамыз, не істейміз? Құлап қала ма деп қорқамыз. Әкімдіктегілердің өздері білмейді не істеу қажеттігін… Үйінді астында қалып қоймасақ жарар еді, – дейді апатты үйдің тұрғыны Гүлнәр Жұмабек.   

   «2007 жылы үйге құрсау салынып, керме жұмыстары жүргізілген. Үйдің кейбір жерлерінде құрсау үзілген, сондықтан 2019 жылы жарықшақтың ұлғаюын анықтау үшін гипс маяк орнатылды. Бүгінгі күнде жарықшақ үлкейе бастады. Аталмыш үйдің тұрғындары жыл сайын Сарышаған әскери полигонында оқу-жаттығу өткен  кезде дүмпудің кесірінен терезе әйнектері сынып, қабырғаларымыз құлап қала ма деп шағымданатын еді. Ағымдағы жылы шұғыл шығындарға арналған резерв есебінен 7 млн теңге бөлініп, үйдің жарамсыздығы, апаттылығы бойынша қыркүйектің соңында сараптама жасалады», – деп мәлімдеді Ақтоғай ауданының баспасөз қызметі.       

Осылайша апатты үйде отырған жұрт күн мен түнін үрей құшағында өткізіп келеді.

Тегтер: апатты жағдай тұрғын үй Сарышаған әскери полигон

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09:05
Діннен тірек таба алмай адасқандарға ақпараттық түсіндіру тобы көмекке келуде
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49