Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты

Сайт әкімшілігі

18.10.2021, 12:14

653

Орал тұрғындары жаңа үйлерін бұзу туралы шешімге қарсы шықты. «Кублей» зауытының санитарлық-қорғау аймағы бұзылған деген шағымынан кейін тұрғындардың баспаналарын бұзу керек болған. Алайда пәтер иелері зауыт маңында тұруға қысылмайды, керісінше, тезірек көшіп келгісі келеді, — деп хабарлайды «Жас Алаш»  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Орал қаласының тұрғыны Алина Құрманова 2020 жылы «Орал Полимер» құрылыс иесіне пәтер алуға қаражатының бір бөлігін берген. Осылайша ол Циолковский, 1 деген мекенжайда орналасқан үйлердің біріндегі пәтерге тапсырыс беріп қойған. Алайда биыл ол әкімдіктің «Кублей» зауытына қарсылығына байланысты тұрғын үй кешенінің бұзылуы мүмкін екенін білген.

«Тұрғын үй кешенінің „Кублей“ зауытына жақын, санитарлық-қорғау аймағында салынғаны біздің пәтер алатын уақытымызды ұзаққа созып жіберді. Пәтерлерді мамыр айында алу керек едік. Кейбіреулер тұратын жер болмағасын, жалдап тұрып жатыр. Бір үй пайдалануға берілді. „Кублей“ 2005 жылы салынған. Жақын маңдағы жеке үйлер 50 жыл бұрын салынған.  Демек „Кублей“ жеке үйлер тұрған жерде өндіріс салғанын атап өткім келеді. Біздің үйіміз де 50 жыл бұрын салынған үйлердің деңгейде тұр», — деді ол.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Миуа БАЙНАЗАРОВА 11:40
Ғанибек Қазантаев, Қызылорда қаласының әкімі: Басты мақсат – халыққа жағдай жасау
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 10:35
Теміртау тағы тоңып отыр
Сайт әкімшілігі 09:36
Шортандыдағы жарылыс, Абай кенішіндегі апат. Министр кінәлілерді атады
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 18:00
"Алматыда жойқын жер сілкінісі болса, ғимараттардың 60 пайызы қирайды"
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 16:22
БЖЗҚ-дағы артық қаражатты "Отбасы банкіне" тек 2022 жылдан бастап аударуға болады
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 12:55
Қарағанды облысында 11 айда 3,7 трлн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

Аңдатпа


  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14