Оралдық Қайрат бағбан Қазақстанды таңғалдырмақ

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ

22.09.2021, 17:15

565

Соңғы үш-төрт жыл бедерінде батысқазақстандық бағбан, экспериментатор  Қайрат Кәрімовтің есімі өз өңірінен асып, республикаға танымал бола бастады. Себебі ол Ақ Жайықтың аптап ыстығы мен аязына бейімделген, жергілікті ауа райында жоғары өнім беретін жеміс түрлерін анықтап, будандастыруды ғылыми негізде қолға алды.

 Ол үшін Қайрат С.Исаев атындағы халықаралық тәлімбақ ашқан. Күні бүгін мұнда алманың 200, жүзімнің 180 сұрпы сынақтан өткізілуде. Жалпы аумағы бес гектар алқапты алып жатқан бақ 2018 жылы алғаш рет өнім беріпті. «Орал алмасының тарихы тереңде. 1900 жылы Парижде өткен халықаралық көрмеде Оралдың алмасы бірінші орынды иеленіп, алтын медаль алған. Бұл әйгілі Алматы апортының атағы шықпастан 13 жыл бұрын болған оқиға. Күрт континенталды ауа райында өскен оралдық өнім биохимиялық құрамы мен антиоксиданттар деңгейімен ерекшеленеді. Эксперименталды бақ әйгілі сұрыптаушы Мичуриннің ізбасары Сергей Исаевтың есімімен аталады. Себебі мұнда селекционер шығарған барлық алманың түрлері егілген. Мақсат – алманың мол өнім беретін жаңа түрін анықтап, халыққа ұсыну», – дейді бағбан.

Тарихқа көз жүгіртсек, өткен ғасырда Орал өңірінде 700-дей алма бағы болған екен. Содан қазір қалғаны 706 гектар көрінеді. Оның 508 гектары жеке тұрғындардың ауласында. Оралдық бағбан Ресей мен Тәжікстандағы ғылыми-зерттеу институттарымен, ботаникалық бақтармен тығыз байланыс орнатқан. Осы ғылыми жұмыстардың бәрін ол өз қаржысына жүзеге асыруда. 

Қайрат жақында тағы бір тың жоба бастады. Яғни ол Оралдың қақ ортасынан ботаникалық бақ ашпақшы және бұл жобаны әлеуметтік бағытта жүзеге асырғысы келеді. Әкімдік селекционердің бастамасын қолдап, жеті гектар жер телімін жалға бермекші. Сонымен қатар коммуналдық желілерді тартуға көмек көрсетіледі. Жобаға Қ.Кәрімов өз қалтасынан 300 млн теңгеге жуық инвестиция құюды жоспарлауда.

Ботаникалық бақта сирек кездесетін өсімдік түрлерін егу жоспарланған. Сондай-ақ мұнда ғылыми конференциялар, семинарлар өткізілмек әрі кез келген адам қалаған уақытында келіп серуендей алады. «Жоспарым бойынша биыл бақты қоршап, аз-аздан ағаш отырғыза бермекпін. Топырағы құнарлы. Сондықтан нәтиже де оңды боларына сенімдімін», – дейді Қайрат.

Орал қаласы әкімінің орынбасары Асхат Құлбаевтың айтуынша, жер телімі ешқандай байқаусыз 10 жылға дейін жалға беріледі. «Селекционерге көл-көсір пайда түсе қоймайды. Алайда жоба жүзеге асырылған соң, мемлекет тарапынан селекционерді инвестор деп емес, меценат деуге болатын шығар. Жоба екі кезеңде іске асады. Негізгі жұмыстар алғашқы бес жыл ішінде жүргізіледі. Одан кейін қосымша жер телімі пайдаланылады. Сөйтіп, орталықтағы игерусіз жатқан атшаптырым аумақ келешекте тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналады», – дейді А.Құлбаев.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29