Өскемен атауында қате жоқ

Сайт әкімшілігі

17.11.2020, 12:41

3496

Осыдан бірер ай бұрын, облыс орталығы – Өскемен қаласы атауының латын алфавитімен жазылған көрінісі әлеуметтік желілер арқылы тарап, жұрттың көзайымына айнала бастап еді. Бірақ та қаланың кіреберісіне қойыла бастаған «Oskemen» жазуының екінші «s» әрпінің түсіп қалғанын көрген тұрғындар дереу дабыл көтеріп шыға келді. Яғни, қала атауы екі аптадан бері «Ө кемен» болып неліктен, қатесі түзелместен тұрғанын түсіне алмай дал. Шынында да не күлеріңді, не жыларыңды білмейтін жайттың ақ-қарасын анықтау жайымен қалалық әкімдікке қоңырау шалдық.

  Қала әкімі Жақсылық Омардың көмекшісі Әлібек Тұрсымбетовтің айтуынша, «Oskemen»-де қате жоқ, екінші әріп басқа нұсқада түзетіліп, түнде ғана қайтадан орнатылған.

-Бұл нұсқа қаланың атауын латын алфавитімен жазуға байланысты өткен сәулетшілер байқауында таңдалған болатын. «S» әрпін «Ө»-мен үйлесімді көріну үшін сәл қисайтыңқырап қойылғаны да аса ерсі емес-ті. Бірақ, оны әлдебіреулер ұлуға ұқсайтынын айтып та дабыралатып шыға келді. Әлеуметтік желілерде бұған қатысты сан түрлі пікірлер айтылып жатқанынан хабарымыз бар. Дегенмен, оны тігінен түзу қойғанды жөн санадық. Алдағы уақытта мұндай жазумен өрнектелген қала атауы Өскеменнің төрт жағынан келетін трассаларға түгелдей қойылатын болады. Атап айтқанда, жұрт айтқандай емес, қатесіз атау Глубокое ауданына шыға берісте тұр. Самар ауданына шыға беріске де орнатылған. Енді Алматы, Семей қалаларына шыға берістерге орнату жұмыстары жалғаспақ. Бұл жазу қаламызға түнде келе жатқан көлік иелеріне де жарқырай жанып, көрініп тұратын болады,-дейді Ә. Тұрсымбетов.

Тегтер: латын әліпбиі қала атауы әкімдік әлеуметтік желі пікір пайым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:56
Оңалту орталығына жасалған сый
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10:18
Өндірісті өлке өміршеңдігін танытты
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 09:20
Бір Өскеменге екі Пушкин әділет пе?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 22:33
«Бизнеске арналған үкімет»
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 25.11.2020, 17:22
Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 30 мини-маркет ашылады
Нұрболат ӘЛДИБЕК 25.11.2020, 10:14
Байзақтықтар бала таптыру мен жол жөндеуден көш бастап тұр

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42