Пандемия және инфодемия

Сайт әкімшілігі

22.11.2020, 18:37

246

Шымкент қалалық әкімдігі мен Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Инфодемияның екінші толқыны: алдын алу және ақпараттық стратегия» атты  атты онлайн конференциясы өтті.

Онлайн-жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

Шыңғыс Мұқан, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, Парламент Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова, Қазақстан Медиа альянысының басқарма төрағасы, сенатор Нұртөре Жүсіп және журналистер, блогерлер, дәрігерлер қатысты.

—Короновирустың екінші толқынының басталуы инфодемияның, яғни жалған, ел арасында үрей тудыратын ақпараттар эпидемиясының басталатынын білдіреді. Инфодемияның басты қаупі жұртшылық жалған мен шынайы ақпараттарды ажырата алмай қалады. Мұндай жағдайға түскен адам дәрігерлердің кеңестеріне құлақ асуды қояды. Ал бұл бәрінен де қауіпті, – деді онлайн конференцияның модераторы, Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан вирусқа қарағанда, жалған ақпарттың қатері көбірек екеніне тоқталып, жалған ақпаратқа қарсы иммунитет қалыптастыру қажеттігіне тоқталды.

Конференция барысында Қазақстан Медиа альянсының басқарма төрағасы Нұртөре Жүсіп әрбір кәсіби журналист өз ісіне жауапкершілікпен қарап, ақпараттық гигиенаны сақтау қажеттігін айтты. Ал, белгілі журналист, Сенат депутаты Айгүл Қапбарова кейбір мемлекеттік орган басшыларының пандемияны сылтауратып тілшілерге ақпарат беруден бас тарту фактілерінің кездескеніне, мұндай қиын-қыстау кезде БАҚ өкілдерінің құқықтарын бұлай шектеуге болмайтына тоқталып өтті. Сондай-ақ, сенатор отандық БАҚ-ты дамытудың 2021-2023 жылға арналған ұлттық жоспары жасалып, Үкімет қаулысымен бекітілгенін айтып, аталған жоспардың бағыт-бағдарын таныстырып өтті.

Сондай-ақ, конференция барысында «BAQ KASIPODAQ» салалық кәсіподағының төрағасы Зейін Әліпбек пен «Ontustik» телеарнасының директоры, Қазақстан Журналистер одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Уәли Қыдыр тақырыпқа байланысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.04.2021, 16:37
Балқаштағы ұшақ апатының салдары мәлім болды
Сатан НҮСІПҚОЖАЕВ 21.04.2021, 12:21
«Жер сатылмайды» дейді...
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 21.04.2021, 12:17
Жайықтың өзі қымбат па, жағалауы қымбат па?
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 20.04.2021, 10:35
Оралда әйелін өлтірген шенеунік қамауға алынды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.04.2021, 10:10
Жыры бітпеген электронды жүйе
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.04.2021, 15:25
Кәсіпкердің көлігі өзеннен табылды

Аңдатпа


  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    21.04.2021, 09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    21.04.2021, 09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32