Павлодар облысында 9 оқушыдан коронавирус анықталды

Сайт әкімшілігі

28.09.2020, 03:57

798

Павлодар облысында тоғыз мектеп оқушысынан коронавирус анықталды. Оның төртеуі мектепке барып оқыған, — деп хабарлайды  «Жас Алаш»  Irbistv.kz.-ке сілтеме жасап, 

Шарбақты ауданындағы Алексеев орта мектебінде бастапқыда бір мектеп оқушысынан коронавирус анықталған. Оқушы науқаспен байланыста болған адам қатарында екен. Санитар дәрігерлер оқушымен 44 адам байланыста болғанын хабарлады, нәтижесінде тағы үш оқушыдан COVID-19 анықталған. Бәрінде ауру симптомсыз өткен. 

«Баланың жағдайы қанағаттанарлық, ешқанда шағымы жоқ, ауру симптомсыз өтіп жатыр. 16 қыркүйектен бастап ол мектепке баруын тоқтатқан, қазір үйдегі карантинде жатыр. Мектеп бойынша жедел тергеу басталды, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Мектепті жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жасау жоспарланды. Ол әлі де жалғасып жатыр», — дейді Павлодар облысының бас санитар дәрігері Батырбек Әлиев. 

Алексеев мектебі белгісіз уақытқа жабылды. Шешім эпиджағдайға байланысты қабылданады. 

Сондай-ақ, санитарлық дәрігер ауданда тағы бес баладан коронавирус анықталғанын хабарлады — үш жағдай павлодарлық мектептерде, біреуі Ақсуда және тағы біреуі ауданда. Бұл оқушылар қашықтан оқыған. 

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныптардағы төрт оқушыдан коронавирус анықталған болатын. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 08:27
Қарағандыдағы 7330 үй басқарудың жаңа жүйесіне енуге қауқарлы
Кемел ЖАН 18.05.2022, 13:35
«Жаңа Қазақстанның» мақсаты – парасыз мемлекет құру
Кемел ЖАН 18.05.2022, 12:05
Есірткімен күрес болашақ үшін қажет
Әділ АҚЫЛБАЙ 18.05.2022, 11:00
Балалардың «Футбол тойы» жылда өтетін болды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 18.05.2022, 08:38
Жемқорлыққа жол берген қызметкерге жаза қатаң

Аңдатпа


  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20
  • Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
    18.05.2022, 06:17
  • Парадокс! Қырғыз құрлы болмадық...
    18.05.2022, 06:15
  • «Құдай маған форточкадан береді»
    17.05.2022, 05:08
  • Халықты тонаудың бір әдісі
    17.05.2022, 05:13