Павлодар облысында бір отбасы көмірқышқыл газынан уланып қалды

Сайт әкімшілігі

23.01.2023, 07:00

969

Павлодар облысында ана мен екі бала көмірқышқыл газына уланып қалды. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. 

«21 қаңтарда сағат 15.50-де 101 пультіне Павлодар облысы Басқамыс ауылындағы жеке үйлердің бірінде жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан 1976, 2004 және 2021 жылы туған үш адам көмірқышқыл газына уланып қалғаны хабарланды. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлады облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, ана мен баланың жағдайы орташа ауыр.Оқиғаға көптен бері тазаланбаған мұржа себеп болған.

«Оқиға орнын тексеру барысында отбасының көмірқышқыл газымен улануына мұржаның ұзақ уақыт бойы тазаланбауы себеп болғаны анықталды. Нәтижесінде үйге көмірқышқыл газы кіріп кеткен», — делінген хабарламада.

Тегтер: газ қауіп төтенше жағдай

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрболат ӘЛДИБЕК 11:26
Жамбылда университет жұмысшылары бас көтерді
Бектұрған ЛАҚАДЫЛ 31.01.2023, 13:46
Шағын ауданның аты затына сай емес
Сайт әкімшілігі 31.01.2023, 09:46
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам көлікте жанып кетті
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:24
ШҚО-да биылғы жылыту маусымында өрттен көз жұмғандар 16% артты
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:20
Төрт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сайт әкімшілігі 28.01.2023, 11:03
Маңғыстау мектептерінде білім сапасын арттыру бағдарламалары іске асуда

Аңдатпа


  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    07:16
  • Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
    07:12
  • «Экстің» пайдасынан зияны асып кеткен жоқ па?!
    01.02.2023, 07:32
  • Бір мандатқа таластырды бұл билік...
    01.02.2023, 07:28