Полиция Ханкөл ауылындағы елестің ақиқатын анықтады (видео)

Сайт әкімшілігі

19.11.2020, 11:31

5782

БҚО полицейлері өңір басшысының және полиция департаменті басшысы міндетін атқарушысының тапсырмасы бойынша жүргізілген ауқымды жұмыстар туралы айтып берді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Ханкөл ауылының ондаған тұрғыны арасында сауалнама жүргізген, онда олардың елес көрген-көрмегені сұралған. Фактілер расталмады, — деп хабарлайды «Жас Алаш»  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Дәлел ретінде тәртіп сақтаушылар видеоролик жариялады. Оған полиция департаментінің ресми өкілі пікір білдірді.

"Қаратөбе полиция бөлімінің қызметкерлері елес туралы видеоролик таратушыларды анықтау бойынша жұмыс жүргізді. Видео 11 ай бұрын желідегі арналардың бірінде жарияланғаны белгілі болды. Адамдар жергілікті тұрғындардың ешқайсысы елес көрмегенін атап өтті. Біз қауесет таратқандарды анықтау бойынша жұмыс жүргіземіз", — деді Болатбек Белгібеков.

Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің басшысы Роман Дүйсенғалиев өңір тұрғындарын үрейленбеуге шақырды.

«Видеоның Ханкөл ауылына ешқандай қатысы жоқ. Бұл жалған ақпарат. Халық расталмаған мәліметке сенбеуі керек», — деді ол.

Еске салайық, мұның алдында Ханкөл ауылының тұрғындары шашын жалбыратқан қыздан үрейленіп отырғанын айтқан болатын. Олардың айтуынша, елес терезені қағады және тасжолдың бойында жүргізушілерді қорқытады. Жүргізушілердің кейбірі елес көліктің ішінде пайда болып, айдауға кедергі жасайтынын айтады. 

Тегтер: оқиға бақылау қадағалау жауапкершілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 17:35
Түркістан: АӘК алатын отбасылардың балалары мектеп формасымен қамтамасыз етіледі
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 18:37
Қытайда жаңа вирус шықты
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 13:41
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 09:11
Оралдағы кәсіпкер өлімі: күдіктілерді іздеуге әскерилер тартылды
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 06.08.2022, 09:28
Төтенше жағдай қызметі заманауи талаптарға бейімделіп үлгеруде
Сайт әкімшілігі 04.08.2022, 13:22
Ақтауда полицейді пышақтап кеткен күдікті ұсталды

Аңдатпа


  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49
  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49
  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55