Қадірлі ұстаз Қадіркүл

Миуа БАЙНАЗАРОВА

01.09.2021, 10:29

32

Қадіркүл жас та болса жұмыста өте ізденімпаз болды. Тапсырылған жұмыстың соңына жеткенше тынбайтын. Ешқашан «білмеймін», «қолымнан келмейді» деген сөзді айтқан емес. Қашанда адалдығынан танбаған Қадіркүл әріптестер арасында да сыйлы еді. Жақсы мінезі, жайдарлы қалпымен ел-жұртына ерекше құрметке ие болды.

Қадіркүл Бердібекқызы 1987-97 жылдар аралығында аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінде әдіскер, меңгеруші болып еңбек жолын жалғастырды. Білімді, білікті әдіскер қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіпкерлік шеберлігін шыңдауда, оқушылардың білімін тереңдетуде көп ізденді. Жақсы маман, қабілетті ұйымдастырушы ретінде танымал Қадіркүл Бердібекқызы 1997 жылы  №172 орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болса, 1998 жылы №176 мектепке мектеп директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

2007 жылы №176 мектепке басшылыққа келді. Білім ордасының ұстаздары білім беру ісінің үздігі атағын алумен облысқа, эстетикалық талғамына қарай танылған мектепке айналды. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, жоғары санатты ұстаз Қадіркүл Бердібекқызы ұжымды басқаруда ең алдымен педагогтарға жанашырлықпен жұмыс істеуге көңіл бөлді. Сапалы білім беруде пән кабинеттерінің жабдықтап, тәжірибелі ұстаздардың білімін жетілдіруге мән берді. Педагог қызметкерлердің  жаңартылған формадағы біліктілігін жетілдіруге ден қойды. «Педагог-модератор», «Педагог-зерттеуші», «Педагог-сарапшы» санаттарын алуға ықпал жасап отырды. Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығымен бірлесіп, «Ұлы даланың жеті қыры», «Ұлттық құндылықтар» бағытында семинарларды ұтымды ұйымдастыра білді. №176 мектепте оқушылар үшін мектеп тарихын ұғындыру мақсатында мектеп мұражайы талапқа сай жабдықталған. Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға бағытталған «Оқуға құштар ұлт – оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында  мектепте коворкинг  орталығы ашылды. Спорттық және мәдени бағыттағы  үйірме жұмысын жүргізуге арналған спортзал, спорт алаңы, акт залы жұмыс істеп тұр. Оқушыларға  сапалы  білім беруде, мектеп кабинеттерін жаңа үлгіде жабдықталған «Пән кабинеттерінің байқауында биология кабинеті 1-орын, қазақ тілі, химия кабинеттері 2-орын, орыс тілі кабинеті 3-орын иеленді.

      Мектеп оқушыларына сапалы білім беруде, сапалы тәрбие алу бағытында жұмысты  жүйелі ұйымдастыра отырып, оқушылардың әлеуметтік жағдайларына да қолдау көрсетіп келеді. Бұл мектепте үш шақырымнан алыс қашықтықтан қатынайтын оқушылар тегін автобуспен қатынап оқиды.

Қызылорда облысы бойынша «Серіктес мектеп директорлары» лигасына Қадіркүл Бердібекқызы мүше болып, мектеп ұжымы жанашыр идеялар тарату, ұйымдастыру бағытында жұмыстар жүргізе білді. Мектептегі үздік ұстаздардың жаңашыл идеяларын  тарату, насихаттау, тәжірибе алмасу, әріптестік серіктестіктер тобын құру бағытында «Әдістемелік марафон», «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап» жалпыұлттық акциясын ұйымдастыруда алғырлық танытты. Апталық аясында ҚР президенті ұсынған 30 кітаптың таныстыруын онлайн және офлайн форматта ұйымдастырды.

Әлемдік пандемия кезінде карантиндік талаптарды сақтай отырып, мектеп басшысы ұжыммен бірлесе қашықтан тиімді жұмыс істеді. Педагог қызметкерлердің 40 сағаттық «Қашықтықтан оқытуды үйренемін» курсынан 100 пайыз өткізілген ұстаздар карантин кезінде онлайн және офлайн сабақтары, іс-шараларды жоғары деңгейде өткізді.  Қадіркүл Бердібекқызы 2020 жылы Жапон елшісінің «Шөп тамыры»  әлеуметтік жобаларға арналған қайтарымсыз грантын ұтып алып, мектеп терезелерін пластикке ауыстырды.  2018 жылы кент әкімінің «Ұйымшыл ұжым» номинациясы, 2019 жылы облыстық кәсіподақ ұйымының «Үздік әлеуметтік әріптес»  номинациясын иеленді.

Білімді, білікті, іскер басшы Қадіркүл Бердібекқызы соңғы бес жылда №176 мектебінің директор қызметін абыроймен атқарып келеді. Тынымсыз еңбектің арқасында табыстарға өзі де, ұжымы да жетті.

Тегтер: ұстаз тәлім тағылым. тәрбие

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Расул ЖҰМАЛЫ 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр
Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 19:38
Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев
Бақыт ТІЛЕГЕН 20.10.2021, 18:42
Ерікті болу еріккеннің ісі емес
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.10.2021, 16:02
Жазықты сытылып кетсе, жазықсыз соттала ма

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31