Қарағанды билігі жасыл желекке неге шүйлікті?

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

20.10.2020, 04:05

663

Қарағанды қаласында жыл сайын жайқалып өсіп тұрған ағаштар төңірегінде дау туындап жатады. Тіпті мұндай дау-дамайдың шығуы әдетке айналып бара жатқандай. Қала тұрғындары «әкім-қаралар жасыл желекке «атасының құны» қалғандай неге өшігеді» деп таңғалады. Осыдан бірер жыл бұрын әкімдік басқа орын таппағандай, орталық саябақтан жекеменшік фирмаға құрылысқа жер беріп, айды аспаннан бір-ақ шығарған-ды. Сол кезде бірнеше ағашқа балта шабылған.  Осыдан кейін, қараша халық шу көтеріп, жерге құрылыс салғызбай, аман алып қалған еді.

Жасыл желек,жайқалған жер жалға беріліпті

Құрылысшылар даңғылында жасыл желек жайқалып өскен алаңқайға билік пен жекеменшік фирма өкілдерінің көзі түсіпті. Айта кету керек, бұл маңда тұрғындар мүмкіндік болған соң, көп қыдырып жүреді. Жалпы, жұрт қарасының көп болғаны бизнес өкілдерін де қызықтырған тәрізді. Осы  алаңқайдағы жерді билік фирмаға жалға берген екен. Бейресми деректер бойынша, жерді алған кәсіпкер осы маңайға донер дайындап, сататын нысан салуға әрекет жасауда. Сол себепті, бірнеше жасыл желектің  тамырына балта шабылған. Қала тұрғындары биліктің бұл әрекетін «салғырттық» деп есептейді.

— Әкімдік рұқсат еткен болу керек,  кеше бұл жерге нысанның іргетасын құйып жатқанын көрдім. Неге осындай жерді жекеменшікке беретінін түсінбеймін, дұрыс емес қой. Қыдырып алаңсыз жүретін жер еді. Басқа жер таппаған ба, онсыз да ағаш аз ғой қалада. Қарап отырып, қарның ашады, –дейді Марат есімді қала тұрғыны.

Иә, қарағандылықтар өздерінің уәжін естімей тұрған биліктің әрекетіне  «қарнымның ашқанынан  емес, қадіріміздің  қашқанынан қынжыламыз» деп отыр. Өйткені Қарағанды қаласы өндірісі қарқынды дамыған аймақ болған соң, оның экологиясы нашарлап кеткен. Түтін Қарағандының басынан бір арылған емес. Мұндайда көңілге демеу болатыны жасыл желек екені сөзсіз.  Оның өзі бизнестің жолында құрбан болып жатыр. Кеншілер қаласында жаппай ағаш егу – кешенді түрде қолға алынуы тиіс.

Алайда Қарағандының ағашын қашанда шырылдаған қараша халықтың ғана қорғайтыны көңілге қаяу түсіреді. Әлеуметтік желіде шу туындаған соң, Қазыбек би ауданының әкімдігі қурап қалған бес ағаштың ғана қиылғанын мәлімдеді.  Алайда құрылысшылар даңғылының тұрғындары кесілген ағаштардың қурамағанын алға тартуда.

— Осындай жақсы жер телімін биліктің жалға беріп қойғаны мені қатты таңғалдырды. Мен бұл жерді қалаға тиесілі, ешкімге берілмейтін алаңқай шығар, деп ойлаған едім. Тағы бір қызық жайт, әкімдік жер қожайынына көркейту жұмыстарын жасауы үшін хат жолдапты. Жерді алған адамның құрылыс нысанын салғалы отырған жеріндегі бес ағаш қана қурап қалған екен. Ол солардың көзін құртқан. Қалған ағаштар қурамай тұр, ал бұл ағаштар неге қурамай қалған. Менің ойымша, Қарағандыда әрбір ағашты күзетіп, қорғап жүруіміз керек», – дейді қоғам белсендісі Бахтияр Омарханов.

Шенеуніктер  кескен ағаштың орнына кәсіпкер басқа жерге тал егеді деп сабырға шақыруда. Алайда осындай мақсатпен қаланың бір бұрышына егіле салған көптеген  ағаштың жыл өтпей, қурап жатқанын талай көзіміз шалған. Мұндай іс көбінесе, «іс бітті, қу кетті», дегеннің керімен аяқталатын еді.

Құрылысшылар даңғылындағы  ағаш дауынан кейін, Қарағандының су жаңа әкімі Ермағанбет Бүлекпаев бұл іске қатысты мән-жайды анықтау үшін, тексеру жұмыстарын бастағанын мәлімдеді. Әзірге, бұл жердің кімге қандай мақсатта берілгенін айтуға шенеуніктер асығар емес.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 06.03.2021, 19:24
Талғар ауданында өрт салдарынан баспанасынан айырылған отбасыға үй берілді
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 05.03.2021, 12:48
Бірінші кезекте ана мен бала саулығы
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 05.03.2021, 10:36
Қарағандыда көп қабатты тұрғын үйдің бірінен екі айлық бала табылды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 05.03.2021, 09:15
Түркістанда жаңа аудан құрудың машақаты басталды
Миуа БАЙНАЗАРОВА 04.03.2021, 18:13
Шенеуніктер неге тәртіп бұзады?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 04.03.2021, 12:55
Бір-бірінің кебін кимесе игі...

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44