Қарағанды облысында дала өрті тыйылар емес

Сайт әкімшілігі

27.08.2021, 18:07

910

Тілсіз жау биыл аймақтың барлық елді мекендерінде тыншымай тұр.  Кеше, кешке қарай Абай ауданының   Құлайғыр  ауылдық округінде ірі дала өрті тұтанды. Жалын аумағы 900 гектар алқапты құрады. Сонымен қатар, өткен тәулікте Шет ауданының Ақжал аудандық округіне, Осокаров ауданының Молодежный, Қарақаралы ауданының Қоянды селолық округінде және Бұқар жырау ауданы Ақбел селеолық округінде, 25-  тамызда, тал түсте Абай ауданының Ақбастау ауылдық округінде 700 гектар алқапты шарпыған  тілсіз жау орын алды. Аталмыш өңірлердегі өртті сөндіруге төтенше жағдай департаментінің, өртке қарсы құрылымның  қызметкерлері мен ауыл тұрғындары, жергілікті  шаруа қожалықтарының өкілдері техникаларымен жұмылдырылды. Айта кетерлігі, 26 тамызда Нұра ауданының Ақмешіт ауылдық округінде және Ұлытау ауданының Амакелді ауылдық округінде тіркелген жалынды ауыздықтау әлі де жалғасып жатыр.

-Үдеген желдің салдарынан дала өртін сөндіру қиынға соғып тұр. Табиғаттың дес бермейтін тосын мінезі өрттің таралуы аймағын қаулатуда. Су көздерінің  жақын маңнан табылмауы төтенше жағдайға  едәуір қиындық тудыруда. Табиғи өрттің көпшілігі  арнайы техникалардың өтуіне бөгет тудыратын жерде. Сондықтан сөндіру жұмыстары көбіне  жаяу қолмен жүруде. Бұл өрт сөндірушілеруге жұмылдырылған адамдардың  өміріне аса зор қауіп төндіру үстінде -дейді, төтенше жағдайлар департаментінің Жанна Дәуренбекова.

Тұрғындар табиғатқа қырағылық танытпаса, нәубеттің тыйылатын түрі жоқ.  

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 15:00
Оралда көкөніс өсіру тиімді бизнес
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08:40
Әділхан ЖӨЛЕКЕШОВ: Оқушыларымыз карантиндік талапқа сай білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 18:23
Қарағандыда құрылыс басында қазалы жағдай орын алды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 16:55
Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде
Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39