Қарағанды облысында инклюзивті жобалар жүзеге асырылуда

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

08.10.2021, 17:51

438

Тағдырдың жазуымен мүгедектер арбасына таңылған жандар үшін қоршаған ортада мейіріммен қоса жүріп — тұруға кедергі болмайтын қолайлы ортаның болуы аса маңызды екені сөзсіз. Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта құру үшін тағы бір қадам жасалды. Арбаға таңылған мүгедектер тұратын облыс орталығындағы көпқабатты үйлерде пандустар салына бастады. Меценаттар «Жеке тұлғаларға арналған 50 пандус» жобасын қолдайтындарын білдірген.

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің мүгедектердің  мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Нияз Сүндеталиев мәлімдеді. Қоғам белсендісі бірлесіп жұмыс жасау арқылы қиындықты жеңе білуге күш — жігер табылатынын айтады.

«Бір ғана мысал келтіре кетсем, шипажайға емделуге барған кезде бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды алып жүрушілер қамтамасыз етіледі. Бұрын мүгедектер өз есебінен жүретін.Енді оларға жол шығындарын өтеуге 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлемдер қарастырылған. Бұл модельді біз өңірдің барлық аудандары мен қалаларын қамтып енгізуді жоспарлап отырмыз »,- деп мәлімдеді Нияз Сүндеталиев.

 Бүгінгі таңда облыс аумағында мүгедектердің жүріп тұруына қолайлы " Инватакси " қызметінің жұмысы тұрақты түрде жүріп тұр. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдау қызметтері жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қарағанды, Сәтбаев, Саран, Балқаш,  Жезқазған, Шахтинск қалаларында, Бұқар жырау, Абай және Осакаров аудандарында ұсынылады. Жолаушыларды тасымалдаушы автопарктерінде барлығы 42 көлік бар, олардың ішінде 23 автомобиль арнайы көтергіш құрылғылармен жабдықталған. Кедергісіз орта құру — мақсатты міндет.Қарағанды өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық көлік қызметін  кедергісіз пайдалануы үшін мақсатты жобалар қолға алынуда. Осы мақсатта автопарктер пандустармен жабдықталған автобустар сатып алды. Оларды маршрутта " Ақылды көлік " мобильдік қосымшасының көмегімен  көруге болады. Мүмкіндігі шектеулі жандарды ақпараттандыру үшін білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау басқармаларының Қарағанды облысының Еңбек және әлеуметтік қорғау және көші — қон Комитетінің Департаментімен бірлескен телеграм чаттары іске қосылды. Бұл чатта нақты уақыт режимінде мүмкіндігі шектеулі жандар өздері қойған сауалдарына жауап алады.Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдарға жүргізуші куәлігін алу рәсімі де жеңілдетілген. Олар үшін көлік жүргізу және теорияны білу емтихандарын қабылдау Қарағанды мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылды. Емтихан тапсыру үшін қолмен басқарылатын жабдықталған автомобиль қарастырылған болатын. 

«Оңалту орталықтарын, түзету сыныптарын, спорт алаңдарын, мүгедек адамдарға арналған үйірмелер мен секцияларды дамыту бойынша үлкен жоспарлар бар»,- дейді Нияз Сүндеталиев. 

Бүгінгі таңда Қарағанды облысында 67 мың адам  мүгедектігі бойынша жәрдемақы алады. Барлық қалалар мен аудандарда әкімдердің мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшілері жұмыс жасайды. Мүгедектер осы кеңесшілерге келіп, мұң — мұқтажын жеткізе алады. Ал кеңесшілер мүгедектер үнін билікке жеткізуге міндетті болып табылады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Расул ЖҰМАЛЫ 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр
Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 19:38
Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев
Бақыт ТІЛЕГЕН 20.10.2021, 18:42
Ерікті болу еріккеннің ісі емес
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.10.2021, 16:02
Жазықты сытылып кетсе, жазықсыз соттала ма

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31