Қарағанды облысында интернет алаяқтық көбейген

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

05.05.2021, 08:54

1155

Өңірде жыл басынан бері 650 азамат арзан бағаға ұмтылып,  интернет алаяқтардан зардап шеккен. Бүгінде үйде отырып интернеттен көңіліне жаққанды  сатып алуды әдетке айналдырғандар көп. Сауда-саттықтың мұндай  түрін алаяқтар оңай олжаның көзі етіп алған.     Қарағанды облысында соңғы жылдары интернет арқылы өзгені алдап, пайдаға  кенелуді көздегендер көбейіпті.  Облыста жыл басталғалы интернет алаяқтық саны 273-тен 638-ге дейін жеткен. Октябрь ауданының тұрғыны өзге бір азаматтың жеке куәлігін пайдаланып, 400 мың теңгеден астам сомаға бірнеше рет онлайн-несие рәсімдеп жіберген. Бүгінде бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалып,  іс сотта қаралуда.      Ал Шахтинск қаласының тұрғыны интернетте арзан бағаға сатылған ұялы телефонға қызығып алданып қалған. Ол  жалған интернет-дүкенге 330 мың теңгеден астам қаражатты аударып жіберген.  Алаяқтар көп жағдайда өз айласын іске асыру үшін арзан баға ұсынады әрі тиімді көрінетін акцияларды жарнамалап отырады. Қарағанды облысының прокуратурасы тұрғындарға  интернет арқылы сауда-саттық жасағанда абай болуға шақырады. «Ұсынылған тауарлардың құны  нарықтық бағадан едәуір төмен», «Науқан», «Саны шектеулі, сатып алуға асығыңыз» т.б. осыған ұқсас сөздерге сақтықпен қараңыз. Егер интернет-дүкеннің өкілі тапсырыс беруге немесе тауар құнын төлеуге асықтыра бастаса, сатып алудан бас тарту керек. Алаяқтар тауарды жіберу туралы жалған түбіртек ұсынады, қызметтеріне алдын ала төлем жасауды ұсынады және көзбе-көз қарым-қатынасқа бармайды. Сатушының толық тіркеу деректері жоқ парақшаларға күмәнмен қараңыз. Интернеттегі пікірлерді мұқият зерделеңіз. Алаяқтар ақшаны  анонимдік төлем жүйелері арқылы немесе жеке тұлғаның картасына аударуды ұсынады. Мұндай жағдайда тауарды қайтаруға кепілдік жоқ», – деп ескертеді Қарағанды облысының прокуратура мамандары.     Сондай-ақ құзырлы орын өкілдері бейтаныс адамдарға жеке құжаттардың фотосуретін жіберуден және үшінші тұлғалар үшін несие рәсімдеуге келісуден бас тартуға шақырады. Қазіргі уақытта банк карточкаларынан ақшаны қолды ету де жиілеп кеткен. Сол себепті түрлі банк менеджерлері ретінде хабарласқан адамдарға банк карточкасының нөмірін, кодтарды, түрлі логин-парольдері туралы ақпаратты бермеген дұрыс. Бейтаныс жандардың кеңесімен телефонға бөгде қосымшаларды орнатпаған абзал. Осындай қоңырау түскен соң, дереу арада банктің Call-орталығына қоңырау шалып, мән-жайды білу керек.        Прокуратураның мәліметінше, Viber мессенджерінде алаяқтар көп әрекет етеді. Олар  банктердің жалған аккаунттарын жасап, сауалнамадан өтуді және сол үшін сыйақы алуды сұрайды. Мамандар, абай болмасаңыз,  банк карточкасындағы ақшаңыз тез арада бөтен шотқа аударылып кете беретінін  айтып дабыл қағуда.

Тегтер: қылмыс қатыгездік тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 14:32
Грек-рим шеберлері сенімді ақтамады
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:24
Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58