Қарағанды облысында карантин талабы күшейтілді

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

12.04.2021, 17:01

1048

Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігері журналистерге арналған брифингте хабарлады. Өткен аптада Қарағанды қаласында  эпидемиологиялық ахуалдың өршуіне байланысты  қызыл аймаққа енген еді. Осы уақыт аралығында жұқпалы індетке тап болғандар қатары  одан әрі қарқын алды. Инфекцияның өсуіне қоғамдық орындардың айтарлықтай  үлесі бар. Бүгінннен бастап  бұған  дейін шектеумен жұмыс істеп келген кинотеатрлардың, тетатрлар мен концерт залдарының сондай-ақ мәдениет үйлері және басқа да көңіл көтеру кешендерінің жұмысы тоқтатылды. Бірақ, мейрамханаларға кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріліп отыр. Демалыс күндері фитнес залдардың, ойын-сауық және  көтерме-тарату орталықтарының қызметі тоқтатылды. Сенбі, жексенбі күндері 6 қала мен ауданға қатынайтын автобустардың  жолға шығуына тыйым салынды.

-Соңғы аптада аймақ бойынша короновирус жұқтырғандар саны    өткен жетімен салыстырғанда 1,7 есеге күрт өсті. Алаңдатарлығы, індет ошағы барлық шахарлар мен аудандардан табылып отыр,-деді  брифингте облыстың бас санитарлық дәрігері.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, өңірге   24 мың доза короновирустық вакцина жеткізілді. Мұнда  10- сәуірден бастап, 18 жастан асқан  тұрғындарға екпе салына бастады.  Облыс халқын  иммундаудың кең ауқымды жұмысы жөнінде қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басшысы Бибігүл Төлегенова мынадай мәлімет келтірді:

— Қазірге дейін біздің аймаққа 23 740 доза вакцина  келіп түсті. Алдағы үш күнде  жаңадан тағы 55 мың доза қабылдаймыз. Екпе салынатын 30 кабинет пен 13  вакцина орталығы қарқынды жұмыс істеуде. Ендігі кезекте вакцинаны қалалық және аудандық емханаларға таратамыз. Осылайша, барлық Қарағандылықтар мекен-жайы бойынша тұрғылықты емханалардан екпе алу мүмкіндігіне қол жеткізбек.  Ертең рамазан айы басталады. Осыған орай,  бүгін облыстың бас имамы Өмірзақ Бекқожа мәлімдеме жасады. Ол  ораза ұстаушыларға вакциналау науқанына қатысуға рұқсат берілетінін жеткізді. Өңір қызыл аймаққа кіргендіктен  биылғы   тарауық намазы мешітте оқылмайды. 

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:49
Сенаторлар ауылдарды аралап жүр
Сайт әкімшілігі 10:44
Несібесін «Еңбектен» тапқан кәсіпкер
Миуа БАЙНАЗАРОВА 13.05.2021, 18:17
Қамбаштан бақ тайды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 13.05.2021, 15:49
Сұлулық қуғандар жер сипап қалды
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 13.05.2021, 14:40
Бордақы малдан жем қымбат
Сайт әкімшілігі 13.05.2021, 10:46
"Hayat-vax" вакцинасы Түркістанға жеткізілді

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06