Қарағанды облысында өнеркәсіп өнімдерін өндіру көрсеткіші өсті

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

01.10.2021, 16:37

593

Бүгінгі таңда Қарағанды облысында өнеркәсіп өнімдерін өндіру бес есеге ұлғайған. Облыс аумағы бойынша Индустрияландыру картасына 16 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін, жалпы сомасы 1,2 трлн теңгеге 134 жоба енгізіліпті. Бұл өнеркәсіптің басым бөлігі іске қосылып,  қазіргі уақытта жұмыс жасап тұр. Жаңа өндірістер жұмысының қарқынды жүргізілуінің нәтижесінде облыста  өнеркәсіп өнімдерін шығару көрсеткіші артып тұр. Бұл бірінші кезекте қараша халық үшін «екі қолға бір күрек » болатындай жұмыс орнының ашылуы үлкен демеу болғандай. Қашанда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесі ел дамуында  маңызды орын алатыны сөзсіз. Облыс аумағында 2010 жылдан бастап индустрияландыру жобасы бойынша түрлі шаралар қолға алынып келеді." Қарағанды облысында индустрияландыру жылдарында яғни 2010 жылдан бастап, Индустрияландыру картасы аясында 94 жоба іске асырылды. Инвестицияның жалпы сомасы 387,3 млрд теңгені құрады. Кәсіпорындарда 8 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Жобаларды іске асыру өндіріс көлемін 5 есеге, еңбек өнімділігін 1,7 есеге арттыруға мүмкіндік берді",- деп мәлімдеді Облыстық өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат Қыдырғанбеков.

Айта кетер бір жайт Қарағанды облысының өнім өндірушілері осы уақытқа дейін шетелден сатып алып жүрген өнімдерді енді өздері шығаруды игеріп алды. Мамандар бұл  сырттан сатып алғанша өз өнімін дамытуға әрі тұрғындар үшін отандық тауарды алуға үлкен мүмкіндік болып отыр. Алдағы жылдарда өнім өндіру көрсеткішін тағы да өсірудің жоспарлы мақсаттары қойылған. Үшінші бесжылдықта яғни 2020 жылдан 2025 жылға дейін 43 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Өткен жылы үш ірі жоба іске қосылған болатын. Теміртауда «Линде Газ Қазақстан » ЖШС екінші кезегі енгізілді, Қарағандыда " Qaz Carbon " ЖШС құю өндірісі жаңғыртылды және Саран қаласында " Yutong " әлемдік брендімен бірлесіп автобус зауыты іске қосылды. Саран қаласынан шыққан электр шағын автобустары қазіргі уақытта қоғамдық көліктегі жолаушы тасымалында пайдалануға берілген болатын. Ағымдағы жылы 10 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған екен. Алайда әлемді шарпып кеткен пандемиялық жағдай жоспарлы мақсаттың уақытында жүзеге асуына кедергі келтіргендіктен инвестициялық жобаға сай ашылуы тиіс кейбір кәсіпорындар жұмысының жүзеге асуы кейінге қалдырылған . Биыл Индустрияландыру картасы бойынша Жәйрем тау — кен байыту комбинаты, агломерациялық фабрикасы бар, Сарыарқа ферроқорытпа зауыты сияқты ірі кәсіпорындар іске қосылды. Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек    мемлекеттік қызметтегілерге инвесторларға қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

«Осы жылға жоспарланған жобалардың уақытында іске қосылуын қамтамасыз еткен жөн. Жобалардың толық қуатқа шығуы ерекше бақылауда болады. Сонымен қатар кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізу үшін жаңа инвестициялық жобаларды іздестірумен айналысу керек»,- деп тапсырма берді онлайн режимде өткен аппараттық кеңесте облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.  Қарағанды облысында индустрияландыру картасы бойынша өнеркәсіп саласында оң нәтиже беретін жобаларды жүзеге асыру отандық өнімдерді өндіру көрсеткішін ұлғайтуға үлкен мүмкіндік береді. Сондай — ақ кәсіпорындардың ашылуы жаңа жұмыс орындарын көбейтіп, халықтың әлеуметтік жағдайының көтерілуіне ықпал етері сөзсіз. Қарағанды облысында алдағы жылдары өнеркәсіптік даму жобаларын ашу жоспарлары мақсатты жолға қойылып отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Расул ЖҰМАЛЫ 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр
Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 19:38
Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев
Бақыт ТІЛЕГЕН 20.10.2021, 18:42
Ерікті болу еріккеннің ісі емес
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.10.2021, 16:02
Жазықты сытылып кетсе, жазықсыз соттала ма

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31