Қарағанды облысында қаңырап қалған бос үйлер жөнделді

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

29.09.2021, 21:23

515

Қараша халықтың тұрмысының,  әл — ауқатының көтерілуіне басында баспанасының болуы тікелей әсер ететіні сөзсіз. Қарағанды облысында билік тұрғын үй мәселесін оңтайлы шешу үшін әр өңірдегі қаңырап бос қалған тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруді қолға алып, бұл жұмыста оңтайлы нәтижеге  қол жеткізуде. Қайта жөндеуден өткен үйлерден баспана үлестіру барысында бірінші кезекте билік әлеуметтік тұрғыда  осал топ өкілдерін назарға алуда. Қарағанды облысында әсіресе Доскей, Қаражал, Абай, Саран өңірлерінде қаңырап бос қалған тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бұхар Жырау ауданындағы Доскей кентінде бос үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары 2020 жылдан басталған болатын. 2020 жылы бұл өңірге бюджет есебінен қаржы бөлініп, Доскей көшесіндегі 38 үй мекен жайы бойынша 40 пәтерлі тұрғын үй қалпына келтіріліп, баспана кезегінде тұрғандарға пәтер берілген болатын." Мен осы бұрын бос  бұзылып тұрған 38 ші үйден пәтер алдым. Бірнеше жыл баспана кезегінде тұрған едім. Көп балалы отбасы болғандықтан, өз баспанамыздың болмауы қиындық келтірген еді. Енді өз баспанамыздың болғаны мәселенің оңтайлы шешілгені деп отырмыз ",- дейді Доскей ауылының тұрғыны Сайлау Тұрсын.Бүгінгі таңда  Доскей елді мекенінде тұрғындары кезінде тастап кетіп қаңырап қалған бос үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Осы елді мекендегі Доскей көшесіндегі 40,41,42  мекен жайы бойынша орналасқан тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын бастау үшін облыстық және жергілікті бюджет есебінен қаражат бөлінген. Бұл үйлер бойынша жөндеу жұмыстарын шенеуніктер 2022 жылы аяқтаймыз деп отыр. Доскей көшесіндегі 41- 42 үйлеріндегі 83 пәтер баспана кезегінде тұрған елді мекен тұрғындарына беріледі. Ал осы көшедегі 40 — шы үй мәдениет және спорт басқармасының теңгеріміне өткізілген. Бұл жерде 40 пәтер бар. Мұндағы жөндеу жұмыстары аяқталған соң мәдениет және спорт басқармасының мамандары қызметтік пәтермен қамтамасыз етіледі. Доскей елді мекенінің тұрғындары бұрын үңірейіп бос тұрған үйлерді мемлекет қаражатына жөндеп, қажетке жаратып жатқан үрдіс арқылы кенттің өңі кіріп қалды деп есептейді. Сондай — ақ Доскейдегі Мира көшесінде орналасқан 1 және 2 үйді қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жоба сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Аталған тұрғын үйдегі пәтерлер білім, денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қызметтік пәтер ретінде берілмек. Қазіргі уақытта бос қалған үйлерді қайта жөндеуден өткізудің нәтижесінде Саран қаласындағы РТИ ықшам ауданының өңі кіріп қалған. Мұнда жөндеуден өткен үйлерден пәтер алып қоныстанып алған тұрғындар да бар." Саран қаласындағы РТИ ықшам ауданындағы бос қалған үйлерді қалпына келтіру жұмыстары 2020 жылдан басталған еді. Бұл жерде 2020 — 2024 жылдары аралығында барлығы 20 үйді немесе жалға берілетін 865 пәтерді қалпына келтіру жоспарлануда. Оның ішінде ағымдағы жылы 150 пәтері бар 3 тұрғын үйге бюджет есебінен  қалпына келтіру жұмыстары басталды. Аталған пәтерлер 2022 жылы әлеуметтік жағынан әлсіз топ санатында кезекте тұрған азаматтарға берілу жоспарлануда. 22 және 23 үйлер бойынша ТББ зауыты есебінен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу  жоспарлануда. Аталған үйден пәтерлер зауыт жұмыскерлеріне беріледі. Ал 10,16, 19- шы  үйлер бойынша қалпына келтіруге қажетті жоба сметалық құжаттар әзірленуде",- деп мәлімдеді Облыстық құрылыс басқармасының бастығы Абзал Жайлыбаев.Абай ауданында қаңырап бос қалған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары 2021 жылы басталған. Абайда жеке құрылыс салушымен бір  тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шенеуніктер бұл үйдегі құрылыс жұмыстары осы жылдың соңына дейін аяқталады деп отыр. Мұндағы 60 пәтер әлеуметтік жағынан әлсіз топ санатындағы кезекте тұрған азаматтарға берілмек.Қаражал қаласында да қаңырап бос қалған тұрғын үйлерді қайта жөндеуден өткізу жұмыстары қарқын алуда. Қаражалға қарасты Жәйрем кентінде Металлургов көшесіндегі 90 пәтерлі тұрғын үй қалпына келтіріліп, пайдалануға берілген. Сонымен қатар, Қаражалдағы 25 орамдағы 20 -шы  тұрғын үйді қайта жөндеуден өткізу үшін бюджеттен қаражат бөлінген. Мұнда 104 пәтер бар.Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биліктегі атқа мінерлердің мәліметінше бұл үйдегі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Бүгінгі таңда облыста  бос қалған үйлерді қалпына келтіріп жөндеудің нәтижесінде өңірлерде пәтер кезегін күткен жандардың қатарын азайтудың мүмкіндігі тиіп келеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:00
Қарағанды облысында ірі қарадан аусыл шықты
Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 13:16
"Инфекцияның келесі толқыны наурызда көбеюі мүмкін" - Алматының бас санитар дәрігері
Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 11:49
Түркістанды ағын сумен қамтуда маңызды жобалар жүзеге асуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12.01.2022, 18:14
Кәсіпкер блок - бекетте тұрғандарға жылы киім апарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.01.2022, 13:15
Қарағандылықтарды тұрмыстық газдың бағасы қинап тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.01.2022, 10:15
Қарағандыда 43 адам қамауға алынды

Аңдатпа


  • "Қазақстан халқына қоры" халықты жарылқай ма?!
    17.01.2022, 09:12
  • Жағдай күрделі. Соңғы тәулікте 11,5 мың адамнан коронавирус анықталды
    17.01.2022, 09:03
  • "Қазақстан халқына" қорына білім беру ұйымдары ақша аударуға міндеті емес
    17.01.2022, 14:00
  • Алматы трагедиясы: Бас прокуратура қылмысты толық аша ала ма?!
    14.01.2022, 08:54
  • Сағынтаев Алматыдағы бүлік кезінде қайда болды? (видео)
    13.01.2022, 09:30