08.02.2021, 11:55
1039
Қарағанды облысы бас санитарлық дәрігерінің бұл тұрғыдағы қаулысы бүгін күшіне енді. Бірақ COVID көрсеткіші сәл кеміді деп еркінсуге әсте болмайды. Короновирусқа шалдыққандар саны аяқ асты арытуы бек, мүмкін. Демек, талап кез-келген сәтте қатаяды деп отыр тазалық індетті қадағалаушылар.
Осы тәуліктен бастап, кеншілер шахарының құрамындағы халқының саны тығыз Қазыбек би және Октябрь ауданында пандемиялық шектеу шаралары жұмсартылды. Атап айтқанда, көлемі 200 шаршы метр аумақты құрайтын сауда орындары мен ойын-сауық орталықтарының жұмыс уақыты бұрынғыдай қалыпты қарқынға көшірілді. Сенбіде ашық болғанмен, жексенбі күні қызметін тоқтатады. Кешен ішіндегі базарларға да қойылып отырған талап осындай. Есесіне, даладағы базарларға тыйым алынып тасталды. Халыққа қызмет көрсететін орындарда енді медициналық қолғап кию қажет емес. Интеллектуалдық құндылықты қадірлейтін қауымға да жағымды жаңалық бар. Бүгіннен бастап қаладағы рухани орындар яғни кітапханалар, мұражайлар, театрлар келушілерге есігі айқара ашылды. Әйткенмен, мұнда 30 адамға дейін қабылдауға мұрсат беріліп отыр.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР