Қарағандыда Алаш қайраткері тұрған үй бар

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

16.10.2020, 10:41

1147

   Бұған дейін  кеншілер өлкесінің тұрғындары үшін қоғам қайраткері әрі қазақтан шыққан математик ғалымның көзі тірі кезінде тұрған мекені белгісіз болып келген еді. Енді Қарағандыға аялдаған кез-келген адам Алаштың аяулы тұлғасы- Әлімхан Ермековтің үйін  қиналмай табады. Оның белгісі ретінде,  Абай көшесіндегі  58-үйге Әлімхан Ермековтың суреті бейнеленген мемориалдық тақта ілінді.

-Өз  уақытында ел мен жер мүддесі жолында жанын сарп етуге бел байлаған хас тұлғаға әр қазақ қарыздар.  Бабаларымыздың ғасырлар бойы білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған жерін сақтап қалудағы Әлекеңнің еңбегі ұшан-теңіз.  Біртуар тұлға  мемлекеттік қызметпен ғылым кеңістігін қатар бағындырып, жас ұрпаққа математика оқулығын жазып кетті. Болашақта оқытушылар мен студенттерге «Әлімхантану» дәрістемелік сабағы өткізілсе деген пікірім бар –деп,  үн қосты бізге  Қарағандылық ғалым, филология ғылымдарының докторы, професссор Мұхаметқали Әбдуов.

Алаштың айбынды қайраткері небары 29 жасында, 1920 жылы  17 тамызда большевиктер көсемі — Ленин төрағалық еткен Бүкілодақтық Халық комиссары Кеңесінің мәжілісінде Қазақстанның шекарасы туралы баяндама жасап,  Батыс Қазақстан өңірінің,  Семей және Ақмола облысының жерлерін республикамызға қайтаруға қажырлы үлес қосты.  Биыл бұл тарихи оқиғаға  тура 100 жыл толды.   Ермеков 1950 жылдары Қарағанды  техникалық университетінің математика кафедрасында оқытушы болып қызмет істеген. Еліміздің тұңғыш математигі Әлімхан Әбеуұлының   1935 жылы «жоғары математика курсы»  оқулығы қазақ тілінде жарыққа  шықты.  Аталған оқу құралы жоғарғы техникалық оқу орындары мен педагогикалық  институттың оқытушылары мен студенттеріне арнап жазылған.  Ғұмырының 18 жылы  қуғында өткен   Алаш арысы  ана тілімен қоса, ағылшын, француз, италия тілдерін жетік меңгерген.

Әлімхан Ермеков 1891-жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.11.2021, 09:15
Қара алтынның үстінде отырған Қарағандыда көмір қымбат
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 09:00
49 миллион теңгенің алтынын әкеткен күдікті ұсталды

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30