30.07.2021, 13:34
1372
Кешеден бастап қалада карантин шаралары қатайды. Аймақта соңғы екі аптада короновируспен ауырғандар саны екі есеге күрт өсті. Аймақтың бас санитар дәрігерлер тәулігіне 750 жаңа науқас тіркелеп жатқанын хабарлады.
Тек 29 шілдеде 920 тұрғын жұқпалы індетке шалдыққан. Жағдайдың күрт ушығуына байланысты шектеу әдістері күшейтілді. Осыған орай, шаhардағы сауда орталықтары, сән салондар, фитнес-орталықтар, спорт кешендер, сондай-ақ «Ашық» жүйесіне енген жабық және ашық алаңдағы кафелер таңғы сағат 9-дан кешкі 17-ге дейін жұмыс істейді.
Жаңа жүйеге қосылмаған аталған қоғамдық орындар клиенттерді тек тәуліктің бірінші жартысында ғана қабылдайды. Аталған жүйеге көшпеген халыққа қызмет көрсету орындары, қоғамдық тамақтану орындары демалыс күндері жабық болады.
Бірақ оларға дайын ас мәзірін таратуға рұқсат беріліп отыр. Тазалық індетті қадағалаушылардың мәлімдеуінше, барлық бағытқа туристерді тасмалдау қызметі біржолата тоқтатылды. Сонымен қатар, қоғамдық шаралар өткізуге де тыйым салынды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР