21.12.2020, 14:00
832
Бүгін Қарағандыға ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин келді. Ол кеншілер шахарындағы фармацевтикалық кешенінде болды. Үкімет басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен арадағы уағдаластықты жүзеге асыру аясында «Спутник V» вакцинасын өндіруді бастап берді.
Жергілікті фармацевтикалық кешен базасында 2021 жылдың ақпан айынан бастап, әр кезең бойынша 2 млн доза вакцина шығарыла бастайды. Премьер-Министрдің мәлімдеуінше, екпе бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге, студенттерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және созылмалы ауруға шалдыққан жандарға сондай-ақ, медициналық-әлеуметтік мекемелердің өкілдеріне салынады.
Үкімет жетекшісі еліміздегі алдыңғы қатардағы дәрі өнеркәсібіндегі кездесу барысында, Қазақстанда «Спутник V» екпесінің өнеркәсіптік өндірісін жергіліктендірудің ерекше маңыздылығын тілге тиек етті.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР