Қарағандыда мешіт жанынан бүгін «Ақсақалдар мектебі» ашылды

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

30.07.2022, 09:33

1200

Білім алу қашан да кеш емес. Ислам дінің ізгілікке бастайтын қағидасының бірі-  адамды өмір бойы  ғылым -білім үйренуге үндейді. Асыл қасиетті  мұрат еткен Қарағанды қаласындағы «Бала қажы» атындағы мешіттінің жанынан бүгін «Ақсақалдар мектебі» ашылды. Төл мектептің миссиясы-қариялардың діни сауатын ашып, жастардың жүрегіне жол салудың тетігін табуды мақсат еткен.

-Жас ерекшелігіне қарамастан, Құранды түпнұсқадан тәжуидпен оқу қарияларға үлкен мүмкіндік әрі оны меңгеру қуаныш болып отыр. Біз ағалар буынына дәріс беру барысында мүфтияттан шыққан кітаптардың ерекшелігін  кеңінен түсіндіріп, оқытамыз. Себебі,  осы арадан ілім меңгерген ақсақалдар келешекте көпшілікке тағылымдық  насихат айтады. Ақсақалдарға арналған мектепті ашудың  тағы бір ерекшелігі, жастарға қалай және қандай тәрбие беру керек?,  ел ертеңдерінің бойына отанды сүюді қалай сіңірген дұрыс? деген мәселелер төңірегінде де, арнайы дәрістер оқимыз. Осы бағытта қария шәкірттер өз өмір тәжірибесіне сүйене отырып, шығарма жазып, қорғайды.  Біз  алдағы уақытта үздік жұмыстарды іріктеп арнайы кітап етіп шығаруды көздеп отырмыз,-дейді мешіттің бас имамы Махммұд Нұрұлы.

          Сауат ашу курсында үш  ұстаз дәріс береді. Оқу мерзімі 6 ай. Алғашқы дәріске 20 қария келіп қатысты. Имандылық  үйіндегілердің айтуынша, келушілердің санына шектеу қойылмайды. Ниет білдірушілердің қатары көбейсе, басқа мешіттің ұстаздары тартылмақ. Айтпақшы, ақсақалдардың өтінішіне қарай, сауат ашу мектебінің білім алу мерзімі  ұзартылуы мүмкін.

Тегтер: дін шара жоспар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.08.2022, 09:05
Діннен тірек таба алмай адасқандарға ақпараттық түсіндіру тобы көмекке келуде
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49