Қарағандыда құлдыққа жегілгендер көбейіп тұр

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

29.03.2021, 17:10

1715

Қарағанды облысында жалшылыққа жалданған жандарды аймақтағы шаруа қожалықтарынан кездестіруге болады. Жақындары іздеу салып, зым-зия болғандар  осылайша, малдың соңында сорлап  жүрген. Өткен жылы мәлім болғандай,  22 жастағы бозбала жігіт  еркінен тыс құлдықтың қамытын киген.  Ата-анасынан тұл жетім қалып, тағдырдың тауқыметін тартқан жетім жан  Шет ауданындағы  шаруа қожалықтың бірінде ауыр жұмысқа  жегілген. Іздеушісі жоқ оны  «Қайсар» қоғамдық қорының белсенділері аңғарып, полицейлерге хабарлаған.

— Қазір осы оқиғаға қатысты  жекеменшік шаруашылық  иесінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр-деп мәлімдеді, облыстың бас полицейі Ерлан Файзуллин.

 Полиция полковнигінің мәлімдеуінше, қаржысын үнемдеудің оңай жолы осы екен деп түсінген  «сараң» шаруалар  мал баптаудың сырын білмейтін  адамдарды ауыр еңбекке салады. Бұл кісіге қиянат жасаудың көрінісі.   Былтыр өңір  полицейлері жедел іздестіру шаралары барысында 5200 қыстақты тексеріліп, онда 3331 адамның  тұрып жатқанын анықтаған.  Ақ-қарасын ажырата келе, олардың  752 –сі  зорлықпен кісі есігінде жүргендер екені мәлім болды. Көңіл құлазытарлығы,  мұндай оқиғалар облыстың әр ауданынан кездестіруге болады. Мәселен, былтырғы  жылы 11 шаруашылық жалшыларды жасырын ұстаса, 2019 жылы Ақтоғай, Шет, Жаңаарқа, Қарақаралы  ауданы мен Теміртау маңындағы елді-мекеннен осындай  6 факті тіркеуге алынған.

Тегтер: құлдық қамыты ауыр еңбек жалдамалы жұмыс

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 15:52
«Қазақстан – бұрынғы Кеңес Одағы аумағында құрылған ірі бітімгершілік күштердің бірі»
М.СӘУЛЕБЕК 14:15
Министр штаб отырысын Шымкентте өткізді
Б.СӘРСЕНБИ 12:59
Түркістанда 25 тойхана жабылды
Миуа БАЙНАЗАРОВА 09:18
Қашпаған сиырдың уызынан дәметіп отырмыз
Сайт әкімшілігі 04.08.2021, 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.08.2021, 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58