Қарағандыда шетелдік компания мектеп салады

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

08.09.2021, 16:14

441

Бүгінгі таңда елімізде мектепке оқушылар сыймай, білім ордаларының жетпей жатқаны өзекті мәселе болып тұр.

Жақында мектепке деген сұраныстың өсіп жатқандығын Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаев халыққа жариялаған Жолдауында атап өткен еді.

Президент «мектептерді бюджет қаржысына салумен қатар, осы өзекті мәселені шешуге жеке секторды да тартқан жөн » деген болатын.

Қарағанды билігі мектеп тапшылығын жою мақсатында жеке меншік компанияның көмегімен 700 балаға арналған мектеп құрылысын бастауды жоспарлауда. Мектеп құрылысын  2022 жылдың көктемінде Малайзиялық King Development компаниясы бастайтын болады. Бір айта кетер жайт бұл жеке заманауи мектеп халық саны жылдан жылға өсіп келе жатқан Оңтүстік Шығыстағы  Таугүл ықшам ауданынында бой көтереді. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек пен Малайзияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дата Сайед Мохамад Бакри мектеп құрылысына қатысты мерзімдері мен жоспарларын талқылады. Бұл мектеп даярлық сыныбынан бастап 11 сыныпқа дейінгі оқушыларға арналады. Білім ордасында кіші жастағы мектеп оқушылары мен үлкен сыныптағы балаларға арналған жеке корпустар, үлкен спорт алаңы салынбақшы. Жеке мектеп балаларға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде білім береді. Оқыту процесі кезінде Фин оқыту әдістемесі негізге алынады. Мектеп салатын компания өкілдері бұл әдіс арқылы баланың сыни тұрғыда ойлауын дамытуға үлес қосамыз деп отыр. Сонымен қатар бұл мектепте дарынды оқушыларға арналған гранттар қарастырылады.

«Оқыту фин әдістемесі бойынша өтеді. Ол сыни ойлауды дамытуға бағытталған, бұл оқытудың стандартты жүйесі емес.Бұл мектепте жергілікті жердің мұғалімдері сабақ береді. Олар сингапурлық және фин мамандарынан тағылымдамадан өтеді. Біз жоспарымызға сай әр облыс  орталығында жекеменшік мектеп салғымыз келеді »,- деп мәлімдеді " King Development" ЖШС Бас директорының орынбасары Шыңғыс Аханов.

Аймақ басшысы заман талабына сай салынатын заманауи мектептің бой көтеріп, сол жерде балғындардың білім алуы үшін қолдау білдіретінін жеткізді.

" Қарағандыда мектеп тапшылығы басым, оған сұраныс көп.Қаланың әр аймағына жеті мектеп керек.Бірақ сіздер құрып жатқан сегмент бізде жоқ. Сондықтан біз жобаны іске асыру кезінде жан — жақты қолдау көрсетуге дайынбыз ",- деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 19.01.2022, 15:33
Шымкент: шығын әлі есептеліп жатыр
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 18.01.2022, 15:30
БҚО-да бір полицейдің мұрны қанамады

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48