Қарағандыда театр тарланы Әшірбек Сығай атындағы театр фестивалі ашылды

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

12.10.2021, 12:38

636

Саналы өмірін ұлттық өнерді өрлетуге сарп еткен Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері,  театр сыншысы Әшірбек Сығай  атындағы    театрлар фестивалі  Қарағандыда салтанат құрды.  Байқауды өткізуге  Қарағанды облыстық әкімдігі демеушілік көрсетіп отыр. Хас таланттың  есімін ұлықтау мақсатында қолға алынған шараға Алматыдан өр өнердің өкілдерімен қатар,  тарлан тұлғаның туыстары, еліміздің әр аймағынан театр жетекшілері  қатар келді.

Фестивальдың  шымылдығы грек драматургі Софоклдың қаламынан туған шығарманы қазіргі кезеңге лайықтап  интерпретациясын жасаған венгер жазушысы Ласко Дюрконың «Электра» премьерасымен ашылды.  С. Сейфуллин атындағы  Қарағанды  облыстық қазақ драма театры әртістерінің сахналандырумен көрерменге жол тартқан беташар туындыда өз заманда өмір сүруші адамының қылығы мен әрекеті, пенделік пиғылы  бүкпесіз баяндалады.  

— «Антикалық трагедия бүгінгі күнмен үндес. Қазіргі қоғамда таққа таластық барлық жамандық атаулысының  бастамасына айналып отырған жоқ па?  Одан қалды, отбасындағы  әке мен бала, ана мен қызының арасындағы қайшылықты тартыстар жанның қалауына ерік бермейтін жағдайларға алып келері хақ. Ойранның түбінде қандай мүдде жатыр? Осы және басқа да сұрақтарға трагедия кейіпкерлері жауап іздейді,-дейді қойылымды әсерлі сипаттаған театрдың баспасөз хатшысы, «Қазақстанның құрметті журналисі» Сағат Батырхан.

Ел назарын елең еткізген премьераның басты ролін Сәкен театрының  орта буын және жас әртістері  Амира Омарова, Ақай Жұмамұратов, Берік Киекбаев, Бауыржан Нұрмағанбетов сомдады.  Арқа төсінде алты күнге ұластатын бәйгеге еліміздің 15 театрлары қатысуда.  Осыдан-ақ,  сахнада қойылатын шығармалардың атауы көп,  аясы кең екенін аңғаруға болады.

-Қойылымдар арасында Антон  Чеховтың,  Ғабит Мүсіреповтің классикалық туындылары да бар.  Әріптестеріміз жаңа драматургиялық спектакельдерді де әзірлеп әкелген,-дейді Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов.

Бақ пен бап сыналатын бәйгеде қазылар алқасы шығармашылық ұжымдарды  бірнеше номинация бойынша марапаттайды. Талап бойынша қойылымның өзектілігі,  сахналық киім үлгісі, декорация, актерлік шеберлік таразыға салынады.

-Отандық театрлардың даму деңгейі қандай, заман ағымына ілесу қарқыны қалай,  театрлардың эстетикасы қандай? Міне, мұның барлығы сыныптай сырғыған уақытта бір орында сарқып қалмау керек. Бүгінгі қазақ театрлары осы талапқа сай болғаны ләзім,-дейді Халықаралық театрлар  сыншылары бірлестігінің мүшесі, қазылар алқасының төрағасы Аманкелді Мұқан.

Әшірбек Сығай атындағы театрлар фестивалі бұдан былай қарай, екі жылда бір рет өткізілетін болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кейін оны халықаралық деңгейге шығару жоспары бар.

Тегтер: театр ашылу шара халықаралық жоспар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр
Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 19:38
Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев
Бақыт ТІЛЕГЕН 20.10.2021, 18:42
Ерікті болу еріккеннің ісі емес
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.10.2021, 16:02
Жазықты сытылып кетсе, жазықсыз соттала ма
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.10.2021, 14:34
Әшірбек Сығай атындағы тұңғыш республикалық театр фестивалі мәреге жетті

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31