Қарағандыда үлескерлер пәтерлерін ала алмай жүр

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

21.09.2021, 08:30

309

Қарағандыда 500-ге жуық үлескер жиған-тергенін құрылыс компаниясына беріп қойып, пәтерлеріне жете алмай зарығып жүр.Баспананың белгілі бір мөлшерін төлеп қойған үлескерлер бір жыл бұрын пәтер кілтіне ие боламыз деп жоспарлаған еді. Алайда баспана қуанышы үлкен дауға айналып, үлескерлер әуре-сарсаңға түсіп отыр. Көпқабатты үш тұрғын үйден пәтер алмақшы болған олар құрылыс  жұмыстарының тоқтап тұрғанын айтып дабыл қағуда. Үлескерлер құрылыс алаңына барып,  мердігерден баспаналарын талап етіп,  шу көтерген болатын.«Біздің үйдің жанындағы басқа құрылыс нысанында жұмыс қызу жүріп жатыр, сонда пандемия бізге ғана әсер еткен бе? Әбден шаршадық, мына жерде жұмыс істеп жатқан бірде-бір құрылысшыны көріп тұрған жоқпыз. Бізді уәдемен тойдырып келеді, бірақ ол орындалған емес», – дейді үлескер Айжан Әлжанова.      Тұрғын үйлерді салып жатқан құрылыс компаниясы жұмыстың баяу жүруіне пандемия әсер етті деген себеп келтіруде. Бастапқыда, пандемияның алғашқы кезеңінде жұмыс күші тапшы болды, кейін құрылыс материалдарының қымбаттап кетуі жағдайды ушықтыра түскен. Осыдан екі жыл бұрын үйдің әр шаршы метрі 200 мың теңге болса, қазір 340 мың теңгеге бағаланып тұр.     

  – Біз қазір бұл мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қаржылық қиыншылық болып тұр. Мысалы, газоблоктың бағасы 18 мың деп есептелген, ал қазір оның бағасы 28 мыңға жетті. Арматура пандемияға дейін 190-200 мың теңге болса, қазір 460 теңгеге бір-ақ барды. 2020-21 жылдарға дайындап қойған қаражатқа екі есе аз құрылыс материалдарын сатып алдық  әрі аз жұмыс күшін пайдаланып отырмыз, – дейді «Еurasia Building» ЖШС бас директоры  Айдос Мұхатаев.     

  2019 жылдан бері осы тұрғын үйлерге қаражат салып келген үлескерлерге құрылыс компаниясы дау туындаған соң, «қаражаттарыңызды қайтарып береміз» деп отыр. Алайда тұрғындар «содан бері пәтер қымбаттап кетті, уақыт жоғалттық, қаржымыз құнсызданды, енді басқа пәтер қалай аламыз»  деп қынжылады. Дегенмен, үлескерлердің айтуынша, сол қаражаттың өзін мердігер бірден қолдарына ұстата қоймайды екен. Қаражатты бес ай тосу керек әрі оны бөліп қайтарады. Үлескерлерге құрылыс компаниясының басшысы «келесі жылдың ақпан айында құрылысты аяқтаймыз» деп уәде беріп құтылды. Алайда тұрғындардың көңілі күпті, олар әлі бірер жыл пәтерімізді күтіп қаламыз ба деп алаңдайды.

Тегтер: тұрғын үй пәтер үлескер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.10.2021, 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті
Еркежан АРЫН 22.10.2021, 11:37
Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Расул ЖҰМАЛЫ 21.10.2021, 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31