Қарақшы полицейлер абақтыға қамалды

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

01.02.2021, 11:45

3263

Жұрттың жағасын ұстатып,  марқұмды қарызға батырмақ болған әккі полицейлер тиісті жазасын алды. Иманнан безген қос тәртіп сақшысы  түрмеге тоғытылды.  Қылмысық істі қараған Жезқазған қалалық  соттың шешімі жария етілді.

— Полиция лейтенанты Жуанышбаев шенінен айырылып, құқық қорғау органында кез-келген лауазымды атқаруға және басқа салада қызмет істеуіне  заң жүзінде тыйым салынды. Ол жасаған кінәсіне байланысты 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал, серіктесі Әлмағанбетов полиция аға лейтенанты абыройынан алынып, тәртіппен түзеу колонасында осыншама уақыт кесілген жазасын өтейді-деп мәлімдеді, мысты шахардың  судьясы Жанна Исабаева.

Еске сала кетейік, Жезқазғандық полицейлер былтыр көлік апатынан көз жұмған марқұмның атынан 100 мың теңгеге үш бірдей несие алып, оның жалақысын өздеріне аударған. Ашкөзді құқық қорғаушылар өлген адамның қалталы телефонын да ұрлап, 15 мың теңгеге сатып жіберген.

Ақыр аяғы, адамдық қасиеттен алыстаған арсыз полицейлер құрықталып, өрескел әрекеттері елге мәшhүр болды.

Тегтер: қылмыс жаза жәбірлеу азамат күдікті

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11.06.2021, 11:11
Кім кінәлі?: Жауап берсін!
М.СӘУЛЕБЕК 10.06.2021, 17:45
Мегаполис бюджеті 2,7 есеге көбейген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 14:13
Бір дүкеннің маңынан үш күннің ішінде екі мәйіт табылды
Мариям МАҚСАТ 10.06.2021, 12:04
«1 млрд теңгелік ескерткіштің ар жағынан жемқорлық «қылтиып» тұр»
Сайт әкімшілігі 08.06.2021, 16:45
Елордада 49 мектеп аралас тілде, 34 мектеп қазақ тілінде білім береді
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08.06.2021, 14:00
Сыр елінің құт-берекесі неге қашып тұр?!

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02