Қастерлі күнді қарағандылықтар Абайға арнады

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

10.08.2021, 13:40

869

Бүгін қазақ халқының біртуар  ақыны, ағартушы, философ-Абай Құнанбайұлының туған күні. Хакім Абай қазақ ұлтының мәңгі қолтаңбасы. Ұлт данышпаны әлемдік деңгейдегі алып ақындар көшін әріге апарған абыздардың бірі. Біртуар тұлғаның талантын қастерлеген Қарағандылықтар бүгін  шахардағы кемеңгердің ескерткіші алдына жиналып,  ұрпаққа өнеге үлгісін көрсетті.

Атап айтқанда, облыс әкімі Жеңіс Қасымбек, ақын Серік Ақсұңқарұлы, меценат, облыстық мәслихаттың депутаты Бекзат Алтынбеков және бірқатар ғалымдар көрнекті ақынның мүсіні тұрған алаңға гүл шоғын қойды.  

Шара одан әрі  облыстық «рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастырумен жалғасты. Кеңсе басшысы, танымал айтыскер ақын Айтбай Жұмағұловтың айтуынша, Қарағандылық әншілер алаңда ақын өлеңіне жазылған әндерді шырқады. Сонымен қатар, Абай көшесіндегі жаяу жүргіншілер арасында бірегей тұлғаның шығармашылығы жайлы викториналық ойын өткізілді.

Білімі ұшқыр  жандарға ақынның өлең кітабы мен сөз патшасының бейнесі салынған жейде тарту етілді.

Ал, Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында бұл күндері  «Ұлы халықтың-ұлы Абайы» атты кең көлемді кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылуда.

— Бүгін кітапханаға келген жас оқырмандар кітапханашылардың жетелеуімен, Абай ескерткіші орнатылған жерден  аталған көше бойымен жаяу шерумен жүріп өтіп, рухани ордаға келді.  Кішкентай оқырмандар кітапханада ақынның өлеңдерін оқыды, қара сөздерін тыңдады және викториналық сұрақтарға жауап берді»,-дейді кітапхана басшысының орынбасары Қалқатай Қалиева.

Осындай тағлымдық мәні зор шаралар Қарағанды және Абай қаласындағы   өзге ұлт өкілдері арасында онлайн форматта жүріп жатыр.  

Тегтер: тұлға пайым пікір естелік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 13:16
"Инфекцияның келесі толқыны наурызда көбеюі мүмкін" - Алматының бас санитар дәрігері
Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 11:49
Түркістанды ағын сумен қамтуда маңызды жобалар жүзеге асуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12.01.2022, 18:14
Кәсіпкер блок - бекетте тұрғандарға жылы киім апарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.01.2022, 13:15
Қарағандылықтарды тұрмыстық газдың бағасы қинап тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.01.2022, 10:15
Қарағандыда 43 адам қамауға алынды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11.01.2022, 14:00
Кеншілер мен металлургтер Президентке үндеу жолдады

Аңдатпа


  • "Қазақстан халқына" қорына білім беру ұйымдары ақша аударуға міндеті емес
    17.01.2022, 14:00
  • Алматы трагедиясы: Бас прокуратура қылмысты толық аша ала ма?!
    14.01.2022, 08:54
  • Сағынтаев Алматыдағы бүлік кезінде қайда болды? (видео)
    13.01.2022, 09:30
  • Эпид ахуал күрделеніп барады. Бас санитардың қаулысы жарияланды
    14.01.2022, 08:39
  • Бүліктен бизнеске келген залал 100 миллиард теңгеден асты
    13.01.2022, 09:08